-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа оқу жылына – жаңартылған мектеп

    16.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Инфрақұрылым
    Жаңа оқу жылына – жаңартылған мектеп
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Осыған орай аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев Кеген ауылындағы күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан Өжек Жаңабаев атындағы орта мектебіне барып, құрылыс нысанын аралады.

    1967 жылы пайдалануға берілген мектепке сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде. Құрылыс өткен жылы басталды, салынып жатқан үш қабатты ғимараттың ауданы 1903 шаршы метрді құрайды. Оқу орны 640 оқушыға лайықталған.

    Аудандық білім басқармасының басшысы Мұратжан Қожанұлы бүгінгі таңда нысан 90 пайыз дайын екенін тілге тиек етті. Қажетті жабдықтар және жиһаздармен жабдықталған. Жобада асхана мен аумақты қосымша көгалдандыру қарастырылған. Сондай-ақ, бірқатар кабинеттерге интерактивті панельдер орнатылады.

    Аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев күні ертең жаңа оқу жылы басталатынын еске салып, мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын жеделдетуді және аяқтауды тапсырды. Материалдардың сапасына, мектептің заманауи жабдықтарына және жиһаздардың ыңғайлылығына ерекше назар аударды.

    – Қазір тамыз айының ортасы, 1 қыркүйекке дейін қазандық дайын болуы керек. Мектеп жаңа оқу жылында ашылуы тиіс, – деді Нұрбақыт Молдахметұлы. Ол құрылыс нысанымен танысып шыққан соң, көркейту-көгалдандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, алдағы уақытта осы аймаққа төзімді басқа да ағаш көшеттерін әкеліп, гүлзарларды заманауи әдістермен суару технологиясын қолдану қажеттігін айтты.

    Өжек Жаңабаев атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмысына 1 млрд 147 млн теңге бөлінген. Бас мердігер – «СП «NEFT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мектеп жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

    Участок меңгерушісі Ерболат Ашыбаев:

    – Мектептің күрделі жөндеу жұмысы былтырғы шілде айында басталды. Кесте бойынша кешігу жоқ, тамыз айында толық бітіреміз. Ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сыртқы жұмыстары қалды, – деді.

    Сонымен, Өжек Жаңабаев атындағы орта мектептің құрылысы жаңа оқу жылына дейін бітеді деп күтілуде. Оқушылар қыркүйек айынан бастап жаңа мектепте білім алатын болады.

    Дәурен Әбутәліпов,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Кәсіптің көзін тапқан

    Кәсіптің көзін тапқан

    10 months ago
    Энергетиканы еселейді

    Энергетиканы еселейді

    10 months ago
    Желге ұшқан 120 миллион

    Желге ұшқан 120 миллион

    1 year ago
    Емханаға тіркелу науқаны басталды

    Емханаға тіркелу науқаны басталды

    2 years ago
    Жамбыл ауданы: Су тасқынының алдын алу шаралары жасалып жатыр

    Алматы облысында 35 үйдің ауласына су кірген

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.