-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша NEET жастары арасында турнир өтті

    20.08.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Спорт
    «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша NEET жастары арасында турнир өтті
    0
    SHARES
    41
    VIEWS

    2024 жылғы 19 тамызда Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында киберспорттан турнир өтті.

    Алдыңғы қатарлы елдерде дамып келе жатқан киберспорт түрін дамыту және жастарды қолдау мақсатындағы аталмыш шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген жастардан 30 қатысушы бақтарын сынады.

    Бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласы базар жастарының арасында шағын футболдан, волейболдан сонымен қатар үстел теннисінен турнир өткен болатын.

    Турнирде жастар футбол «ФИФА-2024» түрінен додаға түсті.

    Сайысқа түскен жастар арасында ұсыныс айтқандар да болды.

    Тәмен Ақжол:

    «Бәрінің айтатыны – Компьютер ойындары жаман. Жеке пікірім – бұндай ойдан арылу керек. Бұндай топтық ойындар  адамның ойлау қабілетін дамытады. Әрине, көпшілігіңіз келіспеулеріңіз мүмкін, болашағымыз осы компьютермен байланысты болатындығын айтқым келіп отыр.      Жастардың демалыс уақытын тиімді пайдалануына, ұтымды әрекет етуге, көңілін сергітуге, сенімді қадам жасауға баулу. Және жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік спорт» жобасын аясындағы осы шараға қатысқанымызға қуаныштымыз! Тағы бір айтайын дегенім, жастар арасында аймақтық кейін республикалық деңгейде өткізсеңіздер деген ұсынысымыз бар.»

    Өзара бақ сынасқан турнир Real ойын клубында жоғары деңгейде өтті.

    Алғашқы іріктеу кезінде 2 топқа бөлініп, өзара іріктеу ойындарын өткізді. Ширек финал мен жартылай финалдық сайысқа сүрінбей жеткен жастар арасындағы ойын тартысты өтті.

    «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында өткен киберспорт турнирінің қортындысы бойынша, жеңімпаз Жәнібек Кенжебайұлына кубокпен 250 мың теңгенің, екінші орын алған Асылбай Ерланға 150 мың теңгенің, үшінші орын алған екі қатысушы Ержан Нұржанға және Файзулла Дидарға 50 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.

    Енді алдағы уақытта «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында баскетболдан кемінде 16 команданың, қатысуымен турнир ұйымдастыру жоспарда бар.

    Жарысқа қатысушылар турнирден жақсы әсер алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

    Ұсынымдар

    Мемлекеттік қызмет

    Әдеп кодексінің маңыздылығы

    3 months ago
    2023 жылы Алматы облысының азаматтарына МӘСҚ – тан 50,1 млрд теңге төленді

    МӘМС: Алматы облысында 28 мыңға жуық ота жасалды 

    6 months ago
    «URKER» – 2023 ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды

    «URKER» – 2023 ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды

    2 years ago
    Сөгеті ауылының ұстаздармен АЭС салуды қолдау жөніндегі кездесу өтті

    Сөгеті ауылының ұстаздармен АЭС салуды қолдау жөніндегі кездесу өтті

    8 months ago
    Президент апат болған Костенко атындағы кенішке барды

    Президент апат болған Костенко атындағы кенішке барды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.