⛅
1°C
Қонаев
Сенбі, Желтоқсан 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бас жүлде – «Алтын адам»

    26.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Бас жүлде – «Алтын адам»
    0
    SHARES
    31
    VIEWS

    Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде бокстан «Алтын Адам» кубогінің ІІ халықаралық турнирі өтті. Былтыр ғана бастау алған бұл жарыстың жақсы жаңалығы көп.

    Сүйінші хабарды турнирдің ашылу салтанатында жарысты ұйымдастырушы, бокстан халықаралық дәрежедегі IBA төрешісі, Алматы облысы төрешілер корпусінің төрағасы Манап Тілек жеткізді. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Алтын Адам» кубогін халықаралық дәрежедегі, Азия көлеміндегі «А» тобындағы турнир ретінде ресми бекітіп, қаулысын шығарып берді. Бұл – біз үшін үлкен жетістік. Алдағы уақытта турнир кең көлемде, биік дәрежеде өтіп, «Алтын Адам» кубогі еліміздің спорттағы бір брендіне айналатынына сенемін», – деген ол спортшыларға жеңіс тіледі. Алматы облысы дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының директоры Қанат Серкенов соңғы уақытта мемлекет тарапынан спортқа бөлініп жатқан қолдаудың ерекше екенін айтты. Сонымен қатар турнирдің жоғары дәрежеде өтуіне атсалысып, демеушілік көмек көрсетіп жүрген кәсіпкер, меценат Махмед Гасанов пен Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дархан Ахметов те боксшыларға сәттілік тілеп, тамаша ойынның куәсі болды.

    2007-2008 жылы туған жастар арасында өткен турнирге көршілес Қырғызстан мен Өзбекстанның және еліміздің түпкір-түпкірінен барлығы 109 спортшы қатысып, 13 түрлі салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталды. 48, 51 және 57 кг салмақта бақ сынасқан боксшылар арасында қырғыз елінен келген жастар – К.Қалмұратов,  Н.Ұланбеков,  Н.Сұлтанов бабында екенін көрсетіп, бірінші орынды иеленді. 54 және 60 кг салмақта Шымкент қаласынан келген Б.Шаханұлы мен Б.Бахрам алтын алды. 63,5 кг және 71 кг салмақта рингке шыққан Алматы қаласының спортшылары  Н.Амзебек пен Н.Шілдебай жеңіске жетті. Қызылорда облысынан келген мықтылардың ауыр салмақта аты алшысынан түсіп, 80 кг және 92+ кг салмақта А.Сәтбаев пен А.Азтай алтын олжалады. 86 кг салмақта жұдырықтасқан Өзбекстан елінен Н.Абдурасилов бірінші орынға ие болды. Ал Алматы облысының намысын 92, 75 және 67 кг салмақта қорғаған боксшылар А.Тілеужан, А.Қайрат пен Т.Алиев өзгелерден оқ бойы озық екенін көрсетті. Спортшылардың ойынын Алматы облысынан бас төреші  С.Ахметов, Уганда мемлекетінен келген халықаралық дәрежедегі төреші Тузинде Поль, ұлттық дәрежедегі төрешілер Н.Әбдірайым, Ғ.Садықов және С.Нысановтар бағалады.

    Құралай Мұратқызы,

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Домбыраның үнін әлемге паш етті

    Домбыраның үнін әлемге паш етті

    2 years ago
    Жылыту маусымына дайындық

    Жылыту маусымына дайындық

    1 year ago
    Цифрлық өзгерістер ел болашағын нықтауға қызмет етеді

    Цифрлық өзгерістер ел болашағын нықтауға қызмет етеді

    3 months ago

    Ізгілікті іс

    1 year ago
    Алатау арланы анықталды

    Алатау арланы анықталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>