-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Мәселе бір күнде шешілмейді

    28.08.2024
    in Ауыл тынысы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Мәселе бір күнде шешілмейді
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Қарасай ауданына қарасты  Елтай ауылдық округінің әкімі Біржан Махатов  өңірде әкімдердің ішіндегі ең жасы десе де болады. Жас жігіттің іскерлігі мен  жауапкершілігін, талабы мен тазалығын  аңғарған тұрғындар сайлау кезінде өз дауыстарын Біржанға беріп, зор сенім артқан. Оның үстіне осы ауылда туып-өскен азамат елдімекеннің оңды және осал тұстарын  жақсы біліп, ауылдастарының тұрмысын жақсартуға барын салады деген үміттің де болғаны рас.

    Тұрғындардың сенім үддесінен шығуды мақсат тұтқан Біржан Манатұлы өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқаруға күш салып келеді.

    – Бүгіндері ауылдық округте 22 мың адам есепте тұр. Алайда тіркелмеген жандарды  қосатын болсақ,  тұрғындар саны 35 мыңнан асып жығылатыны тағы белгілі­ – дейді әкім бізге берген сұхбатында. ­­

    Округ аумағында жеті елдімекен орналасқан. Атап айтқанда,­­ Береке, Елтай, Исаев, Қаратөбе,  Ақсеңгір, Көкөзек, Көктоған, Жармұхамбет ауылдары мен 71-ші разьезд кіреді. Мұның сыртында 21 саяжай серіктестігі бар.

    Аталған ауылдар негізінен ауыл шаруашылығымен айналысатын өңір болып есептелетін. Кейінгі жылдары құйылған инвестициялар мен жаңадан  бой көтерген кәсіпорындардың  арқасында Елтай ауылдық округі облыстағы өндірісі өркендеген, кәсіпкерлік саласы дамыған өңірлердің біріне айналды. «RG BRANDS Kazakhstan», «Coca-Cola Almaty Bottlers» сусын зауыты, «Efes Kazakhstan» сыра зауыты, «Келун Казфарм» дәрі-дәрмек фабрикасы, «Алматы өнімдері» кондитерлік фабрикасы , «Алматы Стекло» шыны зауыттары аймақтағы ғана емес, Қазақстандағы бірегей өндіріс орындары. Бұл кәсіпорындар 2500 тұрғынды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп келеді.

    Мұның сыртында, ауылдық округтің аумағында шағын және орта бизнестің  1535 нысаны тіркелген.  Соның ішінде 1280  нысан жеке кәсіпкерлік саласына қатысты  болса, 254-і  ауыл шаруашылығына тиесілі. Бұларда тиісінше  7320 адам еңбек етуде.

    – Көптеген жылдар бойы электр қуатының жетіспеушілігінен тұрғындар да, өндіріс орындары да біраз қиындық көрді.  Алайда 2023 жылдың  қазан айында  мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында  «Көкөзек»  қосалқы стансасы салынып, барша жұртшылықты мазалаған мәселені біржолата шешуге мүмкіндік алдық. Бүгінгі күні  шағын және орта бизнеске тиесілі 346 нысан, тұрғын үй секторындағы 1362 тұтынушы осы станса арқылы электр қуатымен қамтылған.

    Өңір дамуының қарқын алуына ең алдымен мұндағы инвестициялық ахуалдың оң әсер еткенін айта кету керек. Ауылдық округте бизнесті дамытуға қажетті мүмкіндіктердің қалыптасуы, жол қатынасының, соның ішінде теміржол торабының оңтайлылығы, электр қуатының жеткіліктілігі  жаңа инвесторлардың келуіне ықпал етуде. Осылайша, таяу болашақта мұнда әлемге танымал кореялық  «KT&G» компаниясы өз кәсіпорнын  орналастырып, құны 90 млрд тенге болатын өндіріс орны бой көтермекші. Мұнда  405 адам еңбекпен қамтылып,  кәсіби біліктілігі жоғары жұмыс орындары ашылады. Бұдан бөлек, 2024 жылдың соңына дейін «OZON» маркетплейсінің «FOCUS LOGISTICS» компаниясы салып жатқан қоймалар мен сақтау орындарының бірінші кезеңі аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл инвестициялық жобаға қазірдің өзінде 25 млрд теңге жұмсалып отыр. Аталған кәсіпорын 1200 адамды жұмыспен қамтиды.

    Тұрғындардың молшылығына байланысты мұнда әлеуметтік нысандар да баршылық.  Мысалы, округте 7 орта және бір бастауыш мектеп бар. «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша екі мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның бірі – Көкөзек ауылындағы 1500 оқушыға арналған  болса, екіншісі  – Елтай ауылындағы 1200 орынды білім шаңырағы. Аталған ғимараттар  осы жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

    Ауылдық округ аумағында алты дәрігерлік  мекеме орналасса, оларда 85  медицина қызметкері еңбек етуде.  Үстіміздегі жылы  Қаратөбе ауылына  салынатын, күніне 15 келушіге арналған  фельдшерлік-акушерлік бөлімнің  жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Бұл жоба жүзеге асқаннан кейін ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы жақсара түсетіні анық. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Nova Invest» ЖШС-іне тиесілі медициналық орталығы Елтай ауылдық округіне қарасты тағы төрт ауылда қосымша ғимараттарды жалға алу жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасына  ұсыныс түсірді. Бұл мәселе оң шешімін табатын болса, елдімекен тұрғындарына көрсетілетін дәрігерлік көмек те артады. Ал Қаратөбе, Көкөзек, Исаев және Көктоған ауылдарында медициналық мекемелер талапқа сай емес. Сондықтан жаңадан дәрігерлік амбулаториялар салудың қажеттігі туындап отыр.

    Мәдениет саласына келер болсақ, Береке ауылында орналасқан Мәдениет үйі – тұрғындардың мақтанышы. Иесіз қалып, құлаудың алдында тұрған ғимаратты қайта қалпына келтіруге барша қауым болып атсалысқанын көзіміз көрді. Бүгінгі таңда Мәдениет үйі толыққанды жұмысқа кірісіп, ауыл жұртшылығына қызмет көрсетуде. Мұндағы спорт секциялары мен көркемөнер үйірмелері  оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізіп, түрлі мамандық меңгеруге өз үлесін қосып келеді.

    Ауылдық округте қол жеткен жетістіктермен бірге, шешімін күткен мәселелер да баршылық. Бұл ең алдымен үш ауысымды мектептерге, тозығы жеткен ауызсу құбырлары мен жол қатынасына қатысты.  Солардың ішінде  Қаратөбе ауылындағы Б. Тамабаев атындағы орта  мектепке жапсаржай салу ісі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бұл мақсатта әуелде  бір гектар жер бөлінген болатын.  Алайда жаңа талаптарға сәйкес, жер көлемі үш гектардан кем болмауы керек екен. Бүгінде осы жұмыстарға қатысты жобалық-сметалық құжаттар дайындауға  15 млн теңге бөлінді. Аталған жобаға тапсырыс беруші ­– облыстық құрылыс басқармасы болса, жобалаушы – «Диас Проект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

    Елтай, Жармұхамбет және Көкөзек ауылдарының тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті. Қаратөбе ауылында  су жинайтын мұнара орнату қажет. Осы  ауылдағы орта мектепті орталықтандырылған газ жүйесіне қосу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілген.

    Жол мәселесіне келер болсақ, Исаев ауылындағы М. Мәметова атындағы  көшеге асфальт салу жұмыстары жалғасын күтуде.  Сонымен қатар Жармұхамбет ауылында электр желілерін жаңарту қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі күні Алматы қаласына қатынайтын үш автобус ғана халыққа қызмет көрсетуде. Тұрғындар санының еселеп артуы бұл мәселені де қайта қарап, қосымша бағыттар ашуды талап етеді.

    – Біз өзіміздің күнделікті жұмысымызда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары мен содан келіп туындайтын мемлекеттік бағдарламаларды басшылыққа алып отырамыз.–  ­ дейді Біржан Манатұлы әңгімесін сабақтап, ­ – Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты мәселелер облыс басшылығы мен аудан әкімі Жасұлан Естеновтің қатаң бақылауында. Алайда оларды бір күнде шеше алмасымыз белгілі. Сондықтан  кейбір жағдайда шыдамдылық көрсетуге де тура келеді. Еліміз тыныш, керегеміз бүтін болса, алдымызда алынбайтын қамал жоқ деп есептеймін!

    Өңірдің өндірісі өркендеп, ауыл тұрғындарының еңбеке деген құлшынысының артуына қарап,  Елтай ауылдық округінің болашағы зор деген сенімдеміз.

    Қуат Қайранбаев,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаевта қысқы дрифт шоу өтті

    Қонаевта қысқы дрифт шоу өтті

    4 months ago
    Алдағы міндеттер айқындалды

    Алдағы міндеттер айқындалды

    4 months ago
    Қазақстан Халық партиясы Парламентке баратын депутаттарын бекітті

    Қазақстан Халық партиясы Парламентке баратын депутаттарын бекітті

    2 years ago
    Қонаевта аптасына 600 тонна қоқыс шығарылады

    Қонаевта аптасына 600 тонна қоқыс шығарылады

    11 months ago
    Талғар ауданында жол жөндеу қарқынды жүргізілуде

    Талғар ауданында жол жөндеу қарқынды жүргізілуде

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.