-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алпысында алтын алды

    28.08.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Спорт
    Алпысында алтын алды
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    «Qazaq Marathon» жобасының биылғы 4-кезеңі Тараз қаласында өтті. Аталған жарыста Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылынан қатысқан желаяқ Сәуле Мәмбеткаримова мәре сызығын бірінші кесіп, алтын медаль иегері атанды. Көршілес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мен Украинадан және еліміздің түпкір-түпкірінен мыңға жуық желаяқ жиналған марафонда ол 5 шақырымды 36 минутта жүгіріп өткен.

    Сәуле Сұлтанбекқызы 66 жаста. Қаракемер ауылында туып-өскен. Қазір Түргенде тұрады. 25 жылға жуық мемлекеттік қызмет атқарған. Зейнет демалысына шықса да, еңбектен қол үзбей, бүгінде келісімшарт негізінде жергілікті әкімдікте жұмыс істеп келеді. Одан бөлек, округтегі аналар кеңесінің төрайымы. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын апайымыз: «Өмір – қозғалыс. Үнемі қозғалыста, айналаңмен қарым-қатынаста болу керек. Мен марафонның осынау қозғалысты сезіндіре алатыны үшін, оның керемет атмосферасы үшін, жаңа дүниені танып-білуге себепші болатыны үшін, жаңа адамдармен танысып, жастармен бір толқында болу мүмкіндігі үшін жақсы көремін», – дейді.

    Жалпы, жүгіруді кейіпкеріміз 2021 жылы, 63 жасынан бастаған екен. Алғаш Шымкент қаласында өткен марафонға қатысқан. 5 шақырымды 41 минутта жүгіріп өтіп, 2-орын иеленіпті. Ал келесі жылы 20 елден 2000 желаяқ жарысқа түскен «Turkistan International Marathon» жарысында 10 шақырымды 1 сағат 17 минутта тәмамдап, 4-орынға жайғасыпты. Өзіндік қиындықтары бар тау-жарыс марафондарына да жүрексінбей қатысқан. Былтыр екінші, биыл төртінші орын алыпты. Осылайша бүгінге дейін Алматы, Астана, Семей, Талдықорған, тағы басқа қалаларда өткен мрафондарға 5-10 шақырымға жүгіріп жүрген зейнеткердің қоржынында 15 шақты медаль бар. Медальдан бөлек, ештеңеге айырбастауға болмайтын әдемі эмоция мен керемет естеліктер қаншама.

    «Qazaq Marathon» бұқаралық спортты дамыту, халықты спортта топтастыру тұрғысынан өте жақсы жоба болды. Ұйымдастырылуы да, ондағы еріктілердің жұмысы да жоғары деңгейде. Марафон кезінде өзіңді олимпиадаға қатысып жатқандай сезінесің. Бұл – қатысушыларды жігерлендіріп, салауатты өмір салтын ұстануға сөзсіз себепші болатын қадам», – деген Сәуле апай ауылдық жерлерде де спортпен айналысуға жағдай жасалып, жүгіруге арнайы жолдар төселсе екен деген тілегін де жасырмады: «Аптасына 2-3 мәрте міндетті түрде таңертең жүгіремін. Егер жүгіруге ыңғайлы жерлер болса, жаттығуды жақсырақ қолға алып, марафонда мәреге де ерте жетер ме едім», – дейді.

    Сәуле Сұлтанбекқызы «Qazaq Marathon» жобасының биылға соңғы 5-кезеңі өтетін Павлодар қаласына баруды да жоспарлап отыр. Желаяқ жерлесімізге тек жеңіс тілейміз!

    Құралай Мұратқызы,

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Бақытты ана – бақытты бала

    Бақытты ана – бақытты бала

    3 months ago
    Татулық пен тұрақтылық кепілі

    Татулық пен тұрақтылық кепілі

    4 months ago
    Қамқор еді халқына

    Зәкең екі сөйлемейтін

    9 months ago
    Мақсаты биік жас кәсіпкер мемлекеттен нақты қолдау күтеді

    Мақсаты биік жас кәсіпкер мемлекеттен нақты қолдау күтеді

    2 years ago
    Екіжақты қарым-қатынас нығаяды

    Екіжақты қарым-қатынас нығаяды

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.