[um_weather city="Қонаев"]
Сенбі, Қаңтар 31, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында 337 шақырым туристік жол жабдықталады

    05.04.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы, Өңір тынысы, Спорт, Туризм және саяхат, Экология, Экономика
    Алматы облысында 337 шақырым туристік жол жабдықталады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Кеген ауданы тұрғындарымен кездесуде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданның туристік әлеуеті жоғары екенін және одан ары күшейту керегін айтты. «Аудан Алматы тау кластері аясында еліміздің ТОП-10 басымдықты туристік аймағына кіреді. Экологиялық туризм Кеген ауданының негізгі туристік өнімі саналады, оның дамуы аудан аумағында орналасқан «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің әлеуетіне негізделген» деген әкім былтыр «Көлсай көлдері» ұлттық паркіне 210 мыңнан астам турист келгенін, олардан 100 млн теңгеден астам кіріс түскенін жеткізді.

    «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін қоса алғанда, жалпы ұзындығы 337 км-ден асатын туристік жолдарды жабдықтау жоспарланып отыр», – деді Марат Сұлтанғазиев.

    Өңір басшысының мәліметінше, туристік бағыттарда инфрақұрылымды құру шеңберінде төменгі Көлсай көлінің жағалауында жарықтандырылған пирс, үстелі мен орындықтары бар демалыс орны, жеке орындықтар, фотоаймақ пен шолу алаңы, ақпараттық тақталар, бағыт көрсеткіштері, қоқыс контейнерлері және т.б. орнату көзделіп отыр.

    Сонымен қатар ол Саты ауылынан Күрметі ауылына дейінгі аудандық маңызы бар автомобиль жолының (Көлсай көліне кіреберіс) 7 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғанын айтты. Құрылысқа 806,4 млн теңге жұмсалды.

    «Облыс әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаевқа, туризм басқармасы, аудан әкіміне саланың дамуын бақылауға алуды, объектілерді қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді, инвесторлар тарта отырып, бюджетке түсімдерді арттыруды тапсырамын», – деді өңір басшысы.

    Tags: жолкөлсайтуризм

    Ұсынымдар

    2025 жылдың 6 айында Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті

    2025 жылдың 6 айында Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті

    8 months ago
    Мергендік – табандылық пен кәсібиліктің көрінісі

    Мергендік – табандылық пен кәсібиліктің көрінісі

    1 month ago
    Алматы облысында 800-ге жуық нысан мүгедектігі бар азаматтарға бейімделді

    Алматы облысында 800-ге жуық нысан мүгедектігі бар азаматтарға бейімделді

    9 months ago
    Алматы облысында Қытай үлгісіндегі шыны көпір салынады

    Алматы облысында Қытай үлгісіндегі шыны көпір салынады

    1 year ago
    30 метрлік бәліш, ойын-сауық пен спорт: Қонаев қаласының 55 жылдығы тойланды

    30 метрлік бәліш, ойын-сауық пен спорт: Қонаев қаласының 55 жылдығы тойланды

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>