-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алатау – Аймақ ажары

    14.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Алатау – Аймақ ажары
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

          ҚР Премьер-Министрі­нің орын­басары Қанат Бозымбаев жұмыс сапары­мен Қонаев қала­сына келіп, облыстық әкімдікте көшпе­лі кеңес өткізді. Басқосуды ашқан вице-Премьер Алатау қаласының дамуы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерек­ше бақылауында екенін айтты. Мемлекет басшысының халық­қа арнаған Жол­дауында да қалада инно­ва­цияларды кеңінен қол­дану керектігін атап өтіп, Үкіметке онда жайлы өмір сүруге, табысты еңбек ету­ге, инвестициялар үшін қолай­лы жағдай туғызуға тапсырма жүктегенін қапер­ге салды.

    Жиында алғашқы сөз кезегін алған Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Бас жоспары бекітіліп, шекарасы нақтыланған қалада барлық мемлекеттік органдар құрылғанын, салынатын нысандардың инженерлік желілерінің құрылысын бастау үшін жоба құжаттары әзірленіп жатқанын хабардар етті. Одан кейін сөз кезегі Алатау қаласының әкімі Әркен Өтеновке берілді.
    – Жоспарға сәйкес 2050 жылы қалада 1 миллионға жуық тұрғын мен 1 миллионнан астам жұмыс орны, жыл сайын 4 миллионнан астам турист болады деп күтілуде. Қаланың құрамына енген елдімекендер шағынаудандарға айналды. Алатау қаласының әкімдігі және басқа да мемлекеттік органдар, қоғамдық кеңес пен жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесі құрылды. Барлық елдімекенде халықпен кездесу өткізіліп, өзекті мәселелер анықталды.
    Бүгінде сот, «Азаматтарға арналған үкімет», «Атамекен» ҰКП филиалы, пошта және тағы басқа қызмет көрсету мекемелері болмай тұр. Алматы қаласы агломерациясының қарқынды өсуіне байланысты инженерлік желілерді қайта құру және кеңейту қажет. Газ құбыры мен су жүйелерін салу бойынша 2 жобаға мемлекеттік сараптама жүргізілуде. Қолданыстағы жолдардың жалпы ұзындығы 366 шақырымды құрайды, оның 40 пайызына асфальт төселген. Қоғамдық көлік қатынасын жолға қою үшін алдын ала есептеулер бойынша құны 2,7 млрд теңгені құрайтын 30 автобус сатып алу керек. Жаңа мектептерге қажеттілік – 3 бірлік. 1970 жылы пайдалануға берілген жалғыз емхана бар. Мәдениет пен спорт нысандары және өрт сөндіру депосы жоқ.
    Бүгінде қала шекарасын белгілеу бойынша қоғамдық талқылау кезеңі аяқталды. Инвесторларды тартудың әртүрлі нұсқалары қарастырылуда. Қала аумағында бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылды. Мысалы, былтыр «Жетіген» көлік-логистикалық орталығы іске қосылды. 217 жұмыс орны, сублимация зауыты, жеміс сақтау қоймасы және «FRUIT ART» компаниясының жылыжай комбинаты құрылды. Сондай-ақ, «Nest STROY» компаниясының «Гейт Сити» көппәтерлі тұрғын үй кешендері пайдалануға берілді, – деді қала әкімі Әркен Өтенов.
    Келесі кезекте «Alatau» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» ЖШС-ның бас дирек­торы Сәуірбек Жәнібек арнайы экономикалық аймағының Алатау қаласының аумағын қайталап, Қонаев қаласы мен Қосқұдық ауылы, Жаңа Іле аумағымен толықтырылғанын атап өтті. Баяндамашының айтуынша, компания өзара ынтымақтастық пен іс-қимыл үшін жергілікті және шетелдік инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Халықаралық форумдар, көшпелі кездесулер өтіп жатыр. Инвестициялау үдерісімен танысу үшін 4 тілде компанияның сайты әзірленіп, іске қосылған. «Caspian Group» АҚ-ның өкілі Виктор Ли ұсыныс-пікірін ортаға салды. Өз кезегінде сөз алған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Алатау қаласының республикалық деңгейде маңызды жобалардың бірі болып отырғанын, оның құрылу барысы халықтың да, әлеуетті инвесторлардың да тұрақты назарында болатынын тілге тиек етіп, бұл тұрғыда Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы жүзеге асыру ортақ міндет екенін шегелеп айтты.
    – Ең алдымен қаланың дамуы үшін жекеменшіктегі жерлерді қайтару жұмыстарынан бастауымыз қажет. Келесі кезекте қала аумағын қажетті инфрақұрылыммен жабдықтауды жеделдету маңызды. Сонымен қатар инвесторларға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында «Алатау» арнайы экономикалық аймағы­ның қызмет түрлерін арттыру керек, – деген облыс басшысы вице-Премьерден аталған ұсыныс­тарды қолдауын сұрап, әкім­дік тарапынан тиісті мемлекеттік орган­дармен бірлесе отырып, жобаны жүзеге асыру үшін нақты шаралар қабыл­данатындығын жеткізді.
    Жиынды қорытындылаған Қанат Бозымбаев Үкімет жанынан құрыла­тын «Жобалық кеңсенің» әр салада кездесетін түйткілді мәселелердің шешімін табуына септігін тигізетінін мәлімдеді.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

    Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

    2 years ago
    Алматы облысының цифрлық көшірмесі толықтырылуда

    Алматы облысының цифрлық көшірмесі толықтырылуда

    9 months ago
    Қазақстандық ескекшілер Азия ойындарының жеңімпазы атанды

    Қазақстандық ескекшілер Азия ойындарының жеңімпазы атанды

    2 years ago
    БАҚ өкілдерін марапаттаған Президент журналистердің міндеті туралы да айтты

    БАҚ өкілдерін марапаттаған Президент журналистердің міндеті туралы да айтты

    2 years ago
    Гимнаст Құрбанов олимпиаданың күміс медалін иеленді

    Гимнаст Құрбанов олимпиаданың күміс медалін иеленді

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>