-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Жүйелі жұмыс жалғасады

    19.09.2024
    in Ауыл тынысы, Барлық жаңалықтар
    Жүйелі жұмыс жалғасады
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

     Райымбек ауылы аудан орталығы Қаскелең қаласынан тоғыз шақырым жерде орналасқан. Алматының іргесіндегі өзге елдімекендер сияқты бұл округте де ауылдар мен саяжайлар жетерлік. Атап айтқанда, 8 ауыл мен 58 саяжай орналасқан. Ал тұрғындар саны 50 мыңға жуық, нақтылап айтсақ, 47 мың 324 адам тіркелген.

    Халық саны мол болған жерде күнделікті туындап жататын мәселелер де аз емес екені белгілі. Ауылдық округ әкімі Жандос Базарбаевтың айтуынша, биыл 371 өтініш қаралған. Соның ішінде «Е-лицензиялау» порталы арқылы мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарын алу бойынша 130, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту жайында 241 өтініш электронды түрде қабылданған.
    Тұрғындарды алған қызметтеріне қанағаттану деңгейін арттырудың бірден-бір жолы халық арасында қызмет көрсету тәсілін, реті мен мерзімін түсіндіру үшін ақпараттық насихат жүргізу болып саналады. Бұл жұмыстар мақсатты түрде атқарылып келеді. Міне, сондықтан әкімдік қызметін пайдаланушылар тарапынан арыз-шағымдар аз айтылуда. Сонымен қатар әкімдік ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда дүйсенбі мен жұма аралығында әр тұрғын «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы өзіне қажетті анықтамалар мен басқа да құжаттарды ала алады. Бүгінгі күнге 200-ге жуық адамға қызмет көрсетілген.
    Қаскелең қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығымен күнделікті байланыс орнатылып, қызмет алушылардың заңды талаптарын орындау бақылауға алынған. Салық пен өзге де төлемдер бойынша биыл бюджетке 6 883 мың 830 теңге түскен.
    Жандос Мұратбекұлының айтуынша, округте бүгінде 7 орта, 2 бастауыш мектеп бар. Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Долан ауылында 1200 орынды білім шаңырағының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Сол арқылы елдімекеннің үш ауысымда оқу мәселесін толықтай шешетін болады.
    – Долан ауылының балалары бұған дейін Ұмтыл ауылдық округіне қарасты Алмалыбақ ауылындағы мектепке қатынап оқыды. Бұл белгілі бір қиындықтар туғызып келгені жасырын емес. – дейді округ әкімі бізге берген сұхбатында. – Енді оқушылар мен ата-аналар үшін жайлы да жаңа мектеп қызмет көрсететін болады. Сонымен бірге бүгінге дейін бастауыш мектебі ғана болған Бұлақты ауылында ұлттық жоба аясында 900 оқушыға арналған орта мектеп бой көтереді. Ол ғимарат 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
    Медициналық қызмет саласына келер болсақ, округте 5 дәрігерлік амбулатория орналасқан. Ал жыл соңына дейін Абай ауылында 50 төсектік амбулатория келушілерге есігін ашады. Ауылда салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін бұқаралық спортты дамытуға барынша көңіл бөлінуде. Осы мақсатта үстіміздегі жылдың шілде айында Абай ауылының Кенен Әзірбаев көшесінде, Долан ауылының Достық көшесінде «Strteet workout» жобасы бойынша спорт алаңдары салынды.
    Округтің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жайлы да айта кеткен орынды. Бұл бағытта бүгіндері Жаңатұрмыс ауылында ауызсу жүйесін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, екі ұңғыма бұрғыланып, үшіншісіне бұрғылау жүргізілуде. Жалпы аудан бойынша ауызсу тапшылығын жою мақсатында Қаскелең топтық су құбырының құрылысы қолға алынды. Бұл жүйеге Долан мен Құмтоған ауылдары қосылады. Осылайша, округте ауызсу мәселесі толықтай шешіледі деп күтілуде.
    – Біз өз жұмысымызда барлық мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға күш саламыз, – дейді Жандос Мұратбекұлы сөзін сабақтап. – Соның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 20 жоба дайындалып, 4 жобаға оң жауап алынды. Олардың үшеуі мал шаруашылығына қатысты болса, біреуі техникалық қызмет көрсетуге бағытталған. Осы жобалардың жалпы құны – 34 млн 510 мың теңге. Сонымен қатар «Өңірді дамыту» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы Бұлақты ауылындағы Көлді, Есахмет, Құмтоған ауылындағы Береке-бірлік көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. Бұлақты елдімекеніндегі Ынтымақ көшесі мен Абай ауылындағы М.Мақатаев көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолы салынып, пайдалануға берілді.
    2024 жылғы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына Абай ауылынан тоғыз, Бұлақты ауылынан екі көше енгізілді. Бұлақты ауылындағы Мәдениет, Ұлан және Абай ауылындағы Бейбітшілік көшелері «ДорТехМонтаж Сервис» ЖШС-ның атқаруымен жөнделіп, қолданысқа берілген. Сонымен қатар Абай ауылындағы Абай, Алатау, Ақсай, 273-орам, Жандосов, Рысқұлов, Жастар, Шаянбаев көшелеріне қазіргі уақытта «ГОАР» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Осы елдімекендегі ұзындығы 650 метр болатын Қоңыртөбе көшесіне «DRT Group» компаниясы асфальт салып, халық игілігіне жаратылды.
    Бюджет қаражатынан тыс төрт көшеге 855 текше метр болатын қиыршық тас төселініп, жалпы ұзындығы 2500 метр жол жақсара түсті.
    Округте тұрғындар қауіпсіздігі үшін түнгі жарықтандыру жұмыстары да қолға алынып жатқанын айта кету керек. Биыл Абай ауылындағы он көшеге, атап айтқанда, Тәуелсіздік, Тәуелсіздік-2, М.Мақатаев, К.Әзербаев, ­Алатау, Абай, Ақсай, Д.Қонаев және ­Райымбек көшелері жарықпен қамтамасыз етілді.
    Райымбек ауылдық округінде күн тәртібіндегі мәселелер осылайша жүйелі түрде шешімін тауып жатыр. Аталған жұмыстар аудан әкімі Жасұлан Естеновтің халықпен кездесулерінде көтеріліп, аудан басшысының қолдауымен атқарылуда.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің жиыны өтті

    Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің жиыны өтті

    2 years ago
    Мақсаты биік жас кәсіпкер мемлекеттен нақты қолдау күтеді

    Мақсаты биік жас кәсіпкер мемлекеттен нақты қолдау күтеді

    2 years ago
    Боз кілемде белдесті

    Боз кілемде белдесті

    6 months ago
    Алматы облысының 2024 жылғы ауылшаруашылығы көрсеткіштері қандай?

    Алматы облысының 2024 жылғы ауылшаруашылығы көрсеткіштері қандай?

    6 months ago
    Суға жүзудің шебері

    Суға жүзудің шебері

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>