-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ынтымаққа бастайды

    27.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Саясат
    Ынтымаққа бастайды
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

            Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында этномедиация саласындағы маман­дардың тәжірибесін Ассамблеяның барлық құрылымдары жанында ке­ңей­туді тапсырды. Президенттің бұл тап­сырмасы ұтымды өзгерістерге әкелді.

    Атап айтқанда, барлық облыста Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация кабинеттері этносаралық саладағы медиация орталықтарына айналды. Аймақтағы этносаралық қатынастар саласындағы медиацияны дамытуды жалпы үйлестіру Алматы облысында да қолға алынып, жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Осы орайда Қонаев қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Этномедиация: этносаралық қатынастар саласындағы жанжалдарды реттеу» атты жиын өтті. Аймақ басшысы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Марат Сұлтанғазиевтің жетекшілігімен өткен басқосу­дың мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясы жанын­дағы құрылымдардың қызметі арқылы өңірдегі қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етуге байланысты мүдделі уәкілетті тұлғаларды жанжалдардың деңгейін төмендету және халық арасында толеранттылық пен этносаралық келісім мәдениетін тәрбиелеу мәселелерінде шоғырландыру.
    Жиында алғашқы болып сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Абитов Ассамблеяның «Елдесу және татуласу» жобасы аясында баяндама жасады.
    – Алматы облысы – көпэтносты аймақ. Облыста бір медиация кабинеті, 18 медиативтік алаң бар. Реестрда тіркелген 2 кәсіби, 9 қоғамдық медиатор жұмыс істейді. Қазақстан халқы «Елдесу және татуласу» жобасы аясында 53 іс-шара ұйымдастырылып, 3500-ге жуық адам қамтылды. Медиаторлар жұмысының нәтижесінде аудан тұрғындары тарапынан келіп түскен арыздардың 12-сі сотқа дейін шешіліп, екі тарап бір-бірімен келісімге келді. Этнос өкілдерінің ең көп шоғырланған Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Ұйғыр аудандарында этномедиация бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. Шалғай ауылдық округтерде кездесулер, дөңгелек үстелдер, ашық дәрістер, Ашық есік күндері, медиацияның заңнамаларын түсіндіру жұмысы жүргізілуде. Ассамблея жанындағы ақсақалдар, аналар кеңестері тұрғындар арасында ел бірлігін сақтауға ықпал етуде. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының этномедиация орталығының ұйымдастыруымен Қонаев қаласында бескүндік семинар-тренинг өткізілді, – деді басқарма басшысы.
    Келесі кезекте Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Жошыбаева сөз алып, отбасының ғана емес, қоғамның ұйытқысы мен татулықтың символы болып отырған аналар кеңесінің этномедиация саласында ерекше рөл атқарып келе жатқанын атап өтті.
    Өз кезегінде сөз алған облыстық ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Беспаев, облыстық «Элефтерия» грек этномәдени бірлестігінің төрағасы Наталья Тифанциди, облыстық «Сафар» тәжік этномәдени орталығының төрағасы Карахон Солихов, «Орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастықтары» облыстық филиалының төрағасы Лариса Котельникова этномедиация саласын дамыту жайындағы ой-пікірлерін ортаға салды.
    Жиынды қорытындылаған Марат Елеусізұлы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау бағытында ҚХА-ның құрылымдық бөлімшелерінің үлкен жұмыс атқарып жатқанын тілге тиек етті. Сонымен бірге Мемлекет басшысының маңызды бастамаларын толық қолдай отырып, ортақ күш-жігермен мемлекетімізді гүлденген елге айналдыру жолында жұмыс істеу керегін айтты.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Жолдардың қысқы күтіміне 127 техника дайындалды

    Жолдардың қысқы күтіміне 127 техника дайындалды

    7 months ago
    Қапшағайда Oceanman Kazakhstan-2024 сайысы басталды

    Қапшағайда Oceanman Kazakhstan-2024 сайысы басталды

    10 months ago
    Кәсіпкер құқығы қорғалады

    Кәсіпкер құқығы қорғалады

    1 year ago
    Алматы облысында былтыр 6 мың га астам орман алқабын өрт шалған

    Алматы облысында былтыр 6 мың га астам орман алқабын өрт шалған

    3 months ago
    2024 жылғы шомылу маусымы: Құтқару қызметі қалай жұмыс істеді?

    2024 жылғы шомылу маусымы: Құтқару қызметі қалай жұмыс істеді?

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>