АЭС салуды қолдау жөніндегі Талғар аудандық Халықтық штабының мүшелері Руслан Қанатұлы, Жаслан Айтқалиұлы «Той Март» ұжымымен кездесіп, атом электр станциясының басты артықшылықтарын талқылады.
Жиында хылықтық штаб өкілі Руслан Қанатұлы АЭС құрылысының маңызы мен қажеттін түсіндірді. Сонымен қатар АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті.
«Бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асуда. АЭС құрысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырған. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді және болашақта электр тапшылығын шешудің бір ден бір жолы», – деді ол.