Перейти к содержимому

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ №48 МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Іле ауданына қарасты Төлеген Айбергенов атындағы №48 орта мектебінің ұстаздарымен АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб кездесу өткізді. Кездесу барысында атом энергетикасының Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне және экономикалық тиімділігіне қосатын үлесі талқыланды.

«АЭС – бұл экологиялық таза әрі тұрақты энергия көзі. АЭС салу арқылы біз энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізіп, сыртқы нарықтарға тәуелділікті азайтамыз», – деді Халықтық штаб мүшесі Мақсат Сейдалиев.

Ұстаздар қауымы атом электр станцияларының экологиялық тиімділігі және жаңа жұмыс орындарын құрудағы рөлі туралы толық ақпарат алды.
АЭС салу – болашақ үшін маңызды шешім.