Перейти к содержимому

Мүлікке ұқыпсыздық – ұрлыққа жол ашу

20 қаралым

Адамның баспанасы, көлігі, телефоны немесе басқа да дүниесі – оның жеке меншігі. Алайда мүлікті қорғау тек құқық қорғау органдарының міндеті деп қарау дұрыс емес. Кей жағдайда қарапайым сақтықтың болмауы ұрлық пен басқа да құқықбұзушылықтарға жол ашуы мүмкін.

Есікті құлыптамай кету, көлікте бағалы заттарды көзге көрінетін жерде қалдыру, құжаттар мен банк карталарының қауіпсіздігіне мән бермеу – қылмыскер үшін қолайлы жағдай туғызатын әрекеттердің бірі.

Сондықтан мүліктің қауіпсіздігі күнделікті әдеттен басталады. Үйден шығарда есік пен терезені тексеру, көлікті қараусыз жерде қалдырмау, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу – үлкен шығынның алдын алатын қарапайым шаралар.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ