Заң мен тәртіптің ең басты қағидаларының бірі – заң алдындағы теңдік.
Адамның әлеуметтік жағдайына, қызметіне, материалдық мүмкіндігіне немесе қоғамдағы орнына қарамастан, заң талабы бәріне бірдей болуы тиіс. Бұл – әділетті мемлекеттің негізгі өлшемдерінің бірі.
Әділеттілікке деген сенім – қоғам тұрақтылығының аса маңызды факторы.
Азамат өз құқығы қорғалатынына, заңның әділ қолданылатынына сенсе, мемлекетпен арадағы байланысы да нығая түседі.
Сондықтан заң үстемдігі дегеніміз – тек құқық бұзған адамды жазалау емес. Заң үстемдігі – азаматтың құқығын қорғау, әділетсіздікке жол бермеу, заңды талаптардың баршаға бірдей орындалуын қамтамасыз ету.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы
