Перейти к содержимому

Қонаевта 150 адам үйден дауыс берді

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында мүгедектігі бар 1088 адам тіркелген. Ал референдум учаскесіне бара алмайтын жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар 150 адамнан үйден дауыс беруге өтініш түскен.

Соның бірі — жасы 80-нен асқан Грищенко Лидия Федоровна. 1941 жылы дүниеге келген қария қаладағы 2-шағынауданда тұрады.

«Қартайған шағымда да қоғам өміріне белсене атсалысқым келді. Сондықтан үйден дауыс беруге өтініш білдірдім. Референдум – маңызды оқиғаның бірі. Дауыс беру – азаматтық парызымыз», — деді әжей.

5 баланы өсіріп, жеткізген әже бала-шағасы да түгел дауыс бергенін атап өтті.