-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бастауыштың бағбаны

    08.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіби мереке
    Бастауыштың бағбаны
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

      Мектеп табалдырығын жаңа аттаған балаларды тәрбиелеу асқан шеберлікті қажет етеді. Оларға әріп үйретіп қана қоймай, болашаққа деген көзқарасын қалыптастырып, зейіндерін ашатын да – бастауыш сынып мұғалімдері. Үйдің іргетасы қаншалықты берік болса, сәні мен салтанаты келіскен баспанаға айналады. Сол сияқты бастауышта алған білім сапалы болса, жас ұрпақтың келешегі кемел екені анық. Осы орайда ұстаздық жолда табаны талмай 32 жыл еңбек етіп келе жатқан ­Гүлбақыт Жанғазиева туралы ой толғағанды жөн көрдік.

    1973 жылы Ұйғыр ауданы Кіші ­Диқан ауылында дүниеге келген ­Гүлбақыт бала кезден мұғалім болуды армандаған. Мектепте оқып жүргенде ұстаздарына қызыға қарайтын. Соларға еліктеп, үйдегі іні-сіңлілеріне сабақ беретін. Алғыр қыздың алға қойған мақсаты орындалды. ­Алматы қаласындағы №1 педагогикалық колледжді қызыл дипломмен тәмамдап, «бастауыш сынып мұғалімі» деген мамандықты иеленіп шығады. 1992 жылы оқуын бітіре сала туған жерге оралып, еңбек жолын ­Шонжыдағы №4 орта мектептен бастайды. Міне, содан бері зымыраған уақыт 32 жылды артқа тастапты. Бүгінде ол өзі еңбек жолын бастаған білім ордасында әлі күнге дейін қызмет етіп келеді.
    Әңгіме арасында Гүлбақыт ­Миналқызы мектепке жас маман болып орналасқанда аға буын ұстаздардың тәрбиесін көп көргенін айтты. «Маған сара жол салып берген жанның бірі де бірегейі – Гүлнар ­Дүйсенбайқызы. Ол кісі бізге бастауыш сынып мұғалімінің қандай жауапкершілік арқалайтынын санамызға сіңірді. Нағыз ұстаз болудың ерекшелігін ұғындырды. Одан кейін Рая Сартолова, ­Мамытқан ­Құдайбергенов, Ноғайбек ­Дәуренбековтердің ақыл-кеңесін тыңдадық», – деп тәлімгерлерінің есімін құрметпен атады.
    Мұғалім болу үшін жүректілік, табандылық, жауапкершілік, адалдық қажет десек, осы қасиеттің бәрі ­Гүлбақыттың бойынан табылады. Ол отыз екі жыл бойы бір ғана ұжымда еңбек етіп, табандылығының арқасында талай талантты шәкірт тәрбиеледі. Жауапкершілік жүгін абыроймен арқалап, жаман атқа қалмады. Гүлбақыт Миналқызына бірнеше рет басшылық қызмет те ұсынылған. Бірақ ол өзін бастауыштың бағбанымын деп санайды.
    «Бастауыш сынып мұғалімі болу – балалардың екінші анасы атану деген сөз. Бірінші сыныпқа енді келген балалардан түрлі мінез көресің. Бірі сабақтан қашады. Екіншісі ештеңе жазбаймын, оқымаймын деп қиқарланады. Соларды бір ортаға жинап, тәрбиеге көндіру үлкен еңбекті талап етеді. Баламан жұмыс істеу әрі қиын, әрі қызық», – дейді Гүлбақыт Жанғазиева.
    Бір ауылда жүрген соң, Гүлбақыт Миналқызының шәкірттері білім жарыстарында, өнер сайыстарында алдыңғы орыннан түспейтінін естіп, көріп жүрміз. Бұл да нағыз біліктіліктің белгісі болса керек. Ұлағатты ұстаз 32 жыл ішінде жеті буын шәкірт тәрбиелеп, үлкен өмірге қанат қақтырды. Бүгінгі күнде олардың көпшілігі жоғары лауазымдарда қызмет атқарып, ел дамуына үлес қосып жүр.
    Әйел адам үшін түздің жұмысы мен үйдің жұмысы қатар тұрады емес пе?! Отанасы ретінде ошақтың берекесін қашырмау керек. Әрине, ондай сәтте қасыңдағы жан жарыңның түсіністікпен қарауы маңызды. Акпаржан екеуі бүгінде екі қыз, бір ұл тәрбиелеп, жиен көріп отырған мерейлі отбасы. Үлкен қызы ұстаздық жолды таңдаса, екіншісі – экономист, ұлы – жапон тілінің маманы.
    «Өз өмірін аямай, өзгенің өмірін аялаған» ардақты ұстаздың алдынан шыққан әр шәкірт – білімді, білікті. Мұғалім үшін де басты жетістік, мақтаныш осы болса керек. Гүлбақыт Миналқызының әлі де талай шәкірт тәрбиелеп, көптің алғысын арқалай берері сөзсіз.

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Заречный тұрғындары ауылдық округ әкімін сайлады

    Заречный тұрғындары ауылдық округ әкімін сайлады

    2 years ago
    ️Ұстаздар АЭС-ті қолдайды

    ️Ұстаздар АЭС-ті қолдайды

    8 months ago
    Жаңа автобус паркі қызметін бастады

    Алматы облысында тағы бір бағытта қоғамдық көлік жүре бастады

    2 years ago
    Сұрапыл жылдар сыр шертеді

    Сұрапыл жылдар сыр шертеді

    1 month ago
    Министрлік: Қазақстанда жанармай қымбаттайды

    Жанармай сатуды шектеген станцияларға шара қолданылады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>