-13 °c
Qonaev
Thursday, July 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мұғалім – мектептің жүрегі

    07.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Мұғалім –  мектептің жүрегі
    0
    SHARES
    23
    VIEWS

           Мұғалімдер күніне орай облыстық білім бас­­қарма­сының ұйым­дас­тыруымен өткен мере­келік шара екі бөлім­­нен тұрды. Қонаев қала­­сындағы орта мектеп гимназиясында облыс­тық білім басқармасы­ның басшысы Салтанат Беспаева байқаулар­да жүлдегер атанған педагогтер мен білім беру мекемесінің үздік ұйым­­дарын марапаттады. Білім беру саласы қызмет­кер­­лерінің төл мерекесін атап өту әрі қарай Қонаев қала­лық Мәдениет үйінде өз жалғасын тапты.

    Мерекелік жиын басталмас бұрын көпшілік назарына ЛЭД экраннан облыстағы білім беру саласының бүгінгі ахуалы жайлы мағлұмат пен педагогтердің халықаралық аренадағы жетістіктері туралы бейнебаян ұсы­нылды. Балалар шығармашылық орталығы шәкірттерінің орын­дауын­дағы «Аяулы ұстаз» әнімен ашылған салтанатты шарада алғашқы сөз кезегі облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевке берілді.
    – «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай Құнанбайұлы айтпақшы, жас ұрпақ­тың санасына сіңіретін тәлім-тәрбие, үлгі-өнегелеріңіз өлшеусіз. Сіздер жастардың болашағын айқын­дайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз – ертеңгі жеңісті де жемісті күннің кепілі. Адам баласы ерте заманнан бері жаңаны үйреніп, ғылымды игеріп, білімді тоқумен келеді. Қай кезеңде болсын тәлім мен тәрбие беру – ең ұлы мұрат. Ендеше, Мұғалімдер күні – орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке.
    Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсе­келестікке қабілеті мол, шығарма­шылық бағытта еңбектенетін, дары­ны­мен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Былтырғы оқу жылында ұстаздарымыз рес­пуб­ликалық деңгейдегі кәсіби жарыс­тарда үздік нәтижелер көрсетті. Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицей­­­дің химия пәні мұғалімі Әбеу Нұргелді І орын, «Алтын Тұғыр» олимпиадасында Талғар ауданындағы А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-лицейінің ұстазы Мақпал Юсупова ІІ орын, «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсында Ш. Смағұлов атындағы мамандандырылған физика-математика лицей-интернатының мұғалімі Талғат Сейдаз І орын иегері атанды. Өскемен қаласында өткен республикалық «Математикалық регата» олимпиадасында 24 команда арасынан облыстың командасы жүлделі ІІ орын иеленіп, мәртебемізді асқақтатты. Жыл сайын БҰҰ жанын­дағы Әлемдік даму ұйымы мемле­кеттердегі тұрақты даму мақсат­тары бойынша үздік жобаларды анықтап, марапаттайды. Биыл Алматы облысы аталған көрсеткіште «Сапалы білім» номинациясы бойынша қатысып, «Үздік инновациялық тәжірибе» сыйлығының лауреаты атанды. Бұл – үлкен жетістік, ортақ жеңісіміз деп есептеймін, – деген облыс басшысы жетістіктермен қатар, кемшіліктерге де тоқталып өтті.
    – Мұғалімдер күні мерекесі халық­аралық мәртебеге ие болғаны кездейсоқ емес. Мұғалім – болашақтың басты құрылысшысы және жасаушысы. Мемлекет басшысы тек білімді ұлт қана бәсекеге қабілетті бола алатынын бірнеше рет атап өтті. Сондықтан адами капиталды қалыптастыру және жетілдіру мемлекеттік саясаттың өзгермейтін басымдығы болып саналады. Бүгінде мемлекет әлемдік стандарттарға сәйкес келетін білім беру сапасының озық позицияларына шығу үшін бар күшін салуда. Жыл сайын қаржыландыру ұлғаюда, білім беру ұйымдарының желісі дамуда және жетілдірілуде.
    Мұғалімнің мәртебесін арттыруға, оның жауапты еңбегіне лайықты ақы төлеуге көп көңіл бөлінеді. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін, – деп аяқтады өз сөзін облыс әкімі.
    Сахна төрінде Марат Елеусізұлы облыстың «Жылдың үздік мұғалімі – 2024» байқауында бірінші орынды жеңіп алған Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы І. Жансүгіров атындағы №37 мектептің информатика пәні мұғалімі Айнұр Жабаеваны құттықтап, автокөліктің кілтін табыс етті.
    – Жыл сайын облыс әкімінің қолдауымен мұғалімдердің мәртебесін көтеруге және білім беру сапасын арттыруға бағытталған көптеген жұмыс істелуде. Осы орайда дәстүрлі «Жыл мұғалімі» байқауы өткізіледі. Оған қатысу әрбір ұстаздың арманы десем, артық айтқандық болмас. Биыл осы байқаудың жеңімпазы атанып отырмын. Бұл – мен үшін зор мәртебе, – деп ағынан жарылды автокөліктің иесі атанған облыстың үздік мұғалімі. Сол секілді облыстың «Жылдың үздік сынып жетекшісі – 2024» байқауында бірінші орынға ие болған Ұлдана Қартабаеваны және «Үздік балабақша – 2024», «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы – 2024» байқауында жеңімпаз атанған ұжым басшыларын марапаттап, сертификат табыстады. Сонымен қатар өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындату жолында еселі еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздарға да облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті. Сонымен бірге облыстың білім саласының дамуына өз үлестерін қосып жүрген инвесторлар мен жоғары оқу орындарының ректорлары облыс әкімінің «Аймаққа еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар педагог Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін және «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісін кеудесіне тақты.
    Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Қор міндеттерінің бірі – науқастармен кері байланысты бақылау

    Қор міндеттерінің бірі – науқастармен кері байланысты бақылау

    10 months ago
    Татулық – тұрақтылық негізі

    Татулық – тұрақтылық негізі

    7 months ago
    Ұлттық киім паш етілді

      Ұлттық киім – ұлт мұрасы

    4 months ago
    «Қарызсыз қоғам»: Алматы облысында 3500-ден астам тұрғын қаржылық сауатын ашты

    «Қарызсыз қоғам»: Алматы облысында 3500-ден астам тұрғын қаржылық сауатын ашты

    2 years ago
    Бәсі бөлек басылым

    Бәсі бөлек басылым

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>