⛅
-2°C
Қонаев
Бейсенбі, Желтоқсан 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Мобильді ХҚО» қосымшасы арқылы ЭЦҚ және басқа да жиі сұралатын қызметтерді алуға болады

    18.04.2023
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Үкімет
    «Мобильді ХҚО» қосымшасы арқылы ЭЦҚ және басқа да жиі сұралатын қызметтерді алуға болады
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    «Мобильді ХҚО» қосымшасы арқылы ЭЦҚ және басқа да жиі сұралатын қызметтерді алуға болады
    Енді электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) барудың қажеті жоқ. «Мобильді ХҚО» қосымшасында ХҚО операторымен бейнеқоңырау арқылы байланысып, ЭЦҚ-ға үйден шықпай-ақ тапсырыс беруге болады.

    Бұған дейін компьютері жоқ қазақстандықтарға ЭЦҚ алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына баруға мәжбүр болатын. Халықтың өтінішіне құлақ асып, Мемлекеттік корпорация жеке және заңды тұлғалар үшін «Мобильді ХҚО» қосымшасында ЭЦҚ алу мүмкіндігін енгізді. Ол үшін қосымшаға кіріп «бейне қызметі» батырмасын басу керек.

    «Жыл басынан бері 4 миллионнан астам азамат қызмет алу үшін ХҚО-ға жүгінді. Олардың шамамен 30%-ы ерекше сұранысқа ие ЭЦҚ алу қызметіне тапсырыс берген. Сондықтан біз ХҚО-ға баруды қажет етпейтін мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімді және ыңғайлы амалын ойластыруды мақсат еттік. Қазіргі таңда «Мобильді ХҚО» арқылы 38 қызмет алуға болады. Тізімді әлі де толықтырамыз», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

    Сондай-ақ, аталған қосымшада жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың және жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының электрондық нұсқасын беру, баланың тууына және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау, жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау, көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау, тұрғын үй көмегін тағайындау секілді ең көп сұралатын қызметтер де бар. Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қызметтерін де алуға болады.

    Ақылы қызметтерге тапсырыс беру кезінде төлем шоты екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына келеді. Клиент бейнеқоңырау арқылы қызмет алу барысында баж салығын бірден төлей алады. Сонымен қатар, қосымша арқылы ХҚО-ға баруды алдын-ала брондауға, электронды кезек талонын алуға, сізге жақын орналасқан ХҚО мекенжайын және өзекті мәселелерді көруге болады. Мемлекеттік корпорация қосымшадағы қолжетімді қызметтер тізімін кеңейту ХҚО-ға келушілер санын азайтуға мүмкіндік береді деп санайды.

    Tags: азаматтарға арналған үкіметхқоцонэцқ

    Ұсынымдар

    Президент Қазақстанның Құрама Штаттармен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады

    Президент Қазақстанның Құрама Штаттармен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады

    4 weeks ago
    Сабантой өтті дүркіреп

    Сабантой өтті дүркіреп

    1 month ago
    Кеген – достықтың қақпасы

    Кеген – достықтың қақпасы

    3 months ago
    Дара тұлғаға арналды

    Дара тұлғаға арналды

    3 weeks ago
    Алматы облысында «Қазқұтқару-2023» халықаралық семинары басталды

    Алматы облысында «Қазқұтқару-2023» халықаралық семинары басталды

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>