🌧️
15°C
Қонаев
Дүйсенбі, Наурыз 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ғылыми байланыс нығая түспек

    17.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Ғылыми байланыс нығая түспек
    0
    SHARES
    41
    VIEWS

           «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қытайдың Солтүстік-Батыс университетіндегі «Жібек жолы» археологиялық бірлескен орталығының Есік филиалы ашылды.

    Шараға Қытай Халық Республикасы Шэнси провинциясының Сиан қала­сындағы «Жібек жолы» археологиялық зерттеу орталығының директоры, профессор Жао Роң, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры ­Гүлмира Мұхтарова, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғар, Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Гүлнұр Домбай және ұстаздар қауымы қатысты.
    Шара аясында «Жібек жолы» археологиялық бірлескен зерттеу орталығының Есік филиалын құру мақсатында екі ел арасындағы келісімшартқа қол қойылды. Профессор Жао Роң барша қазақ халқын құттықтап, «Жібек жолы» археологиялық бірлескен зерттеу орталығының Есік филиалы ресми ашылғанын жеткізді. Филиалда археологиялық және тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу, сақтау, насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Филиалдың ашылу салтанатына келген қонақтарға қорғандар мен музей іші толық таныстырылды. Шара соңында қазақ халқының қонақжайлылығы көрсетіліп, киіз үй ішінде ақ дастарқан жайылып, дәм ұсынылды.
    «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы алғаш құрылған күннен бастап шетелдік әріптестермен тығыз қарым-қатынас орнатуға баса назар аударып келеді. 2017 жылдан бері ғылыми-археологиялық зерттеу саласында ҚХР Шэнси провинциясы Сиан қаласындағы Шэнси археологиялық институтымен бірлесе жұмыс істеуде. Есік филиалы осындай көп жылғы ғылыми байланыстың негізі ретінде ашылды.

    Ерзат АСЫЛ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Жаңа жол, жаңа жыл: «Көшпенділер қалашығында» 3500-ден астам адам Наурызды тойлады
    23.03.2026
    Президент Тазару күніне орай үндеу жасады
    23.03.2026
    Республика жастары «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысуда
    23.03.2026
    Бұлақ көрсең, көзін аш
    23.03.2026
    “Табиғатқа тағзым” акциясы: Алатауда игі істер атқарылды
    23.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>