⛅
19°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Тәртіп – баршаға ортақ

    24.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік қызмет
    Тәртіп – баршаға ортақ
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

           Қонаев қалалық әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде бірқатар мәселе талқыланып, мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік іс қаралды.

    Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Арсен Жақыповтың жетекшілігімен өткен жиында мемлекеттік қызметкерлердің өз ісіне деген жауапкершілігі туралы айтылып, тәртіп мәселесі баршаға ортақ екені тілге тиек етілді.
    Күн тәртібіндегі алғашқы мә­селе бойынша Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының бас маманы А.Мұхтарова сөз алып, Кеген ауданы Жалағаш ауылдық округінің әкімі А.Садирова мен Алғабас ауылдық ок­ругінің әкімі С.Жексембиевке қатысты тәртіптік істер төңірегінде баяндама жасады. Бұл жайтты саралай келе, Кеген ауданы әкімдігіндегі лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерінде мем­лекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық белгілерінің болмауына байланысты оларға қатысты тәртіптік іс тоқтатылды.
    Келесі кезекте Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруа­шылығы инспекциясы басшы­сының орынбасары Р.Қумашевке қатысты тәртіптік іс қаралды. Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының бас маманы А. Битаев тәртіптік іс жайын баяндап өтті. Ол лауазымды тұлғаның азаматтармен қарым-қатынаста дөре­кілік көрсеткенін жеткізді. Әдеп кеңе­сінің мүшелері мемлекеттік қызметкер өзінің әрекетімен сынға себепкер болғаны үшін Р.Қумашевке қатысты тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.
    Әдеп жөніндегі кеңес отырысын­да Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков сыбайлас жемқорлық тәуекел­деріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария етті.
    – Бүгінге дейін аудан аумағында мемлекеттік қызметкерлер арасында әдеп нормаларын түсіндіру жөнінде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында бірқатар кездесу мен көшпелі отырыстар ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округтерде сыбайлас жем­қорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жасалып, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар өткізілді, – деді ол.
    Кеңес отырысын қорытындылаған Арсен Жақыпов мемлекеттік қызмет­керлерге қатысты кейбір жағымсыз жайттарға тоқталып, алдағы уақытта ондай олқылыққа жол бермеуге шақырды. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің ел алдындағы жауапкершілікті жіті сезініп, жұртшылықпен тіл табысып жұмыс істеуі керектігін баса айтты.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Соңғы жаңалықтар

    Әз-Наурызда 10 отбасы баспаналы болды
    22.03.2026
    ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН «DAMDASTOUR» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ НАУРЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН ОҚИҒАСЫНА АЙНАЛДЫ
    22.03.2026
    Алатау қаласында Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті
    22.03.2026
    Қонаев әкімі Наурыз мерекесіне орай құттықтады
    22.03.2026
    Ұрпаққа өнеге болған шара
    22.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>