⛅
2°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қонаевта биыл жасөспірімдер арасында суицид тіркелмеді

    31.10.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Қонаевта биыл жасөспірімдер арасында суицид тіркелмеді
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Жастар денсаулық орталығының психологы Диана Ришатовна Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте орталықтың жасөспірімдерге бағытталған маңызды қызметтерін баяндады.

    Оның айтуынша, ЖДО-ға жыл сайын 10 мыңға жуық жасөспірім жүгінсе, жыл басынан бері 8 мыңнан астам жасөспірім мен жастар көмекке келген. Күн сайын орталыққа 5-10 жасөспірім әртүрлі мәселелермен келеді, олардың басты сұраныстары – ата-аналармен, құрбылармен қарым-қатынас, мамандық таңдау, сондай-ақ алаңдаушылықтар мен қорқыныштар. Мамандардың айтуынша, жасөспірімдерге уақытында қолдау көрсету олардың болашақ өміріне деген сенімін нығайтады.

    Орталық жасөспірімдерге психологиялық кеңес беруден бастап, суицидтің, ерте жүктіліктің, АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу шараларын қамтитын кешенді бағдарламаларды іске асырады.

    «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы ерекше назарда. Ұлдар мен қыздарға арнайы бағдарламалар ұйымдастырылып, олардың жыныстық денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау бойынша кеңес беріледі. Сондай-ақ, алкоголь, темекі және есірткі секілді зиянды заттарға тәуелділіктің алдын алу мақсатында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде», – деді Диана Ришатовна.

    Биылғы жылы Қонаев қаласында жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы тіркелмеген. Өткен жылы болған екі жағдай бойынша орталық мамандары уақтылы көмек көрсетіп, жастардың денсаулығын қалпына келтіруге қолдау білдірген.

    Жастар денсаулық орталығы қазір қаладағы жасөспірімдер мен олардың ата-аналары үшін сенімді орталыққа айналған. Мұнда кәсіби мамандардың қамқорлығымен әр жасөспірім өз мәселелерін шешуге мүмкіндік алып, болашаққа сеніммен қарауға үйренеді деп қорытындылады спикер.

    Ұсынымдар

    Алматы облысында Конституция күні аталып өтті: марапаттар, жаңа мектептер мен индустриялық жобалар

    Алматы облысында Конституция күні аталып өтті: марапаттар, жаңа мектептер мен индустриялық жобалар

    3 months ago
    Мүмкіндік алаңы

    Мүмкіндік алаңы

    8 months ago
    Жаңа мектеп ашылды

    Жаңа мектеп ашылды

    1 year ago
    Маржан Омарова

    Ірі кәсіпорындар АЭС салуға қарсы емес

    1 year ago
    Алматы облысында 282,2 мың адам шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді

    Алматы облысында 282,2 мың адам шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>