-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Тиімділігі зор жоба

    01.11.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Тиімділігі зор жоба
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «ADC TAZA А ‘Lem» ЖШС өкілдерімен кездес­ті. Жүздесу барысында Іле аудан­ындағы «Қатты тұрмыстық қал­дықтарды қалдықсыз өңдеу техно-экопаркін салу және іске қосу» жобасы аясында салынып жатқан тұрмыстық қалдықтарды өндеу зауытының құрылыс жұмысын саралады.

    Аймақ басшысы өз сөзінде қоқыс өңдеу ең өзекті мәселе екенін, сол себепті оған барынша назар аударылатынын жеткізді.
    – Жыл сайын Алматы облысының аумағында 430 мың тоннаға жуық қоқыс түзіледі. Бірақ тек 100 мың тоннаға жуығы өңдеуге жіберіледі. Сондықтан қатты тұрмыстық қалдық көлемін азайтуға мүмкіндік ашатын қоқыстарды дұрыс сақтау, сұрыптау және қайта өңдеуге басымдылық беру керек. Аймақтың басты проблемаларының бірі болып табылатын жағымсыз иіс шығаратын және айналаны уландыратын табиғи полигондардың саны артып келеді. Қазір өңірде қайталама шикізатты өңдеумен 12 кәсіпорын айналысады. Алайда, олар жеткіліксіз. Осыған орай алдымызда инвестиция тарту, тиісті инфрақұрылымды құру міндеті тұр. Сондықтан «ADC TAZA А ‘Lem» ЖШС-нің ауқымды жобасына қашанда қолдау көрсетеміз, – деді Марат Елеусізұлы.
    Биыл шілде айында Іле ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемдегі материалдарды, темірбетон бұйымдарын қайта өңдейтін және қоқыс жағу арқылы электр энергиясын өндіретін зауыт іргетасы қаланған болатын. Жобаға жауапты «ADC TAZA А ‘Lem» ЖШС өкілдері жер телімдерін алу мен басқа да жобалық-сметалық құжаттамаларға байланысты зауыт құрылысы кешеуілдеп жатқанын жеткізді. Ал облыс әкімі бұл кедергілерді тездетіп шешіп, жоба құрылысының қарқынды жүруіне қолұшын беретінін айтты.
    Жоба «Жасыл даму» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асады. Үкімет қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды жеңілдікпен қар­жы­ландыру тетігін бекіткен болатын. Жобаның жалпы құны шамамен 32,6 млрд теңгені құрайды. «Өнеркәсіпті дамыту қорынан» сұралған сома – 24,3 млрд теңге.
    «ADS Taza A‘LEM» ЖШС директоры Ерлан Дүйсебаевтың айтуынша, бұл өте маңызды жобалардың бірі. Іргетасы қаланатын зауыттың жалпы ауданы – 32 гектар. Онда күнделікті 700 тонна көлемінде қоқыс өңделіп, сағатына 18 МВт электр тоғы шығарылады. Зауыт іске қосылғанда 160-қа жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жобаға серіктес ретінде Түркия елінің компаниясы тартылған. Зауыт құрылысын келер жылы аяқтау жоспарланып отыр.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Желтоқсан оқиғасы: кім кінәлі?

    Желтоқсан оқиғасы: кім кінәлі?

    1 year ago
    Зейнетақы төлемдері туралы біле жүрейік

    Зейнетақы төлемдері туралы біле жүрейік

    2 years ago
    ҚЫС ҚАМЫН ЖАЗ ОЙЛА

    ҚЫС ҚАМЫН ЖАЗ ОЙЛА

    11 months ago
      Ұрпақ ұмытпасын десек…

      Ұрпақ ұмытпасын десек…

    12 months ago
    Бірнеше мұғалім “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” атағын иеленді

    Бірнеше мұғалім “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” атағын иеленді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>