-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Ғалымның аты өлмейді

    07.11.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Ғалымның аты өлмейді
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

            Қарасай ауданындағы «Батыр бабалар» мемориалды музейінде қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай көрме өтті. Аталған шараға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мұрындық болды. Көшпелі көрмені Павлодар облысындағы «Академик ­Қ.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі» облысқа арнайы әкелді.

    Онда айтулы тұлғаның көзі тірісінде тұтынған 30-дан аса жеке заты мен өткеннен сыр шертетін 100-ге жуық сарғайған фотосурет қойылды. Сонымен қатар Қаныш Имантайұлының өмірі мен қызметі жайындағы зерттеу жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.
    Көрменің ашылуына бірқатар зиялы қауым өкілдері жиналып, тағылымды әңгіме тиегін ағытты. Игі шараға қатысқан жастар ғалымның ұлтқа сіңірген еңбегімен етене танысып, ғибрат алды. Сәтбаевтанушылар мен тарихшы-ғалымдар айтулы тұлғаның өмір жолынан өнегеге толы естеліктер айтты. Геология және металлургия саласына қосқан өлшеусіз үлесі мен қайраткерлік қырларына да тоқталды.
    – Ғылымда, экономикада, саясатта, тарихта, өнерде, қоғамның қай саласын алсақ та, Қаныш Сәтбаев – өзінің мәңгілік ізін қалдырған тұлға. Қанекеңнің арқасында Қазақстанның байлығы күні бүгінге дейін толысу үстінде. Жезқазған кен орны, Маңғыстаудың газы, басқа да пайдалы қазбалар өндірісін мысалға келтіруге болады. Оның тағы бір ұлы ісі – елімізде Ғылым академиясын құрғаны, – деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов.
    Қаныштың ғылым саласынан өзге ұлт руханиятына қосқан үлесін де зерттеушілер назардан тыс қалдырмаған. Заманында қазақ әндерін қағазға түсірген этнограф-ғалым Александр Затаевич Қаныштың орындауындағы 20-ға жуық әнді жазып алған екен. Көрменің мақсаты – қазақтан шыққан тұңғыш геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик, жеріміздегі қазба байлықты болашақ ұрпақ еншісіне сақтап қалған біртуар тұлға Қаныш Сәтбаевтың есімін ұлықтап, ғылыми мұрасын насихаттау.
    Баянауылдағы музей 1964 жылы ашылған. Биыл 125 жылдық мерейтойына байланысты «Сәтбаев жылы» жарияланып, аталған музей қызметкерлері еліміздің өңірлеріне көшпелі көрме ұйымдастыруда. Шараға жиналған жастар көрмеге қойылған әр жәдігерге зер салып, ғалымдардың естіліктеріне ден қойып, дара тұлғаның өмір жолынан өнеге алып қайтты.

    Серік Әшімбекұлы
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Жазушымен жүздескен сәт

    Жазушымен жүздескен сәт

    8 months ago
    Алматы облысында таеквондодан (WT) ересектер мен кадеттер арасында республикалық чемпионат өтті

    Алматы облысында таеквондодан (WT) ересектер мен кадеттер арасында республикалық чемпионат өтті

    6 months ago
    ТАЛАНҒАН ТАҒДЫР

    ТАЛАНҒАН ТАҒДЫР

    3 months ago
    Өкпе дерті өрши түскен

    Өкпе дерті өрши түскен

    1 year ago
    Облыста бір жылда 70 жемқорлық фактісі тіркелді

    Облыста бір жылда 70 жемқорлық фактісі тіркелді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>