⛅
15°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қыркүйек 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында биыл 52 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

    11.11.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Экономика
    Алматы облысында биыл 52 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Алматы облысында биыл 52 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 76,6 пайызы тұрақты жұмыс орындары.

    Жыл басынан бері өңірдегі жұмыспен қамту орталықтарына 62 мыңнан астам азамат өтініш білдірді. Бұл туралы Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Жансерік Әдиахметов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    Оның айтуынша, биыл 66 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған, оның 76,6 пайызы тұрақты жұмыс орындары болмақ. Қазіргі уақытта облыста 52,5 мың жұмыс орны ашылған, оның 39,7 мыңы тұрақты жұмыс орындарына жатады. Сондай-ақ, субсидияланатын жұмыс орындарына 11,8 мың адам орналастырылған.

    “Субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілген азаматтардың қатарында жастар тәжірибесінен өткен 971 адам, қоғамдық жұмыстарға қатысқан 8 153 адам және әлеуметтік жұмыс орындарында еңбек еткен 601 адам бар. Сонымен қатар, “Күміс жас” жобасы арқылы 1 442 азамат жұмысқа орналастырылды,” – деді Әдиахметов.

    Облыста қысқа мерзімді курстар арқылы 624 жұмыссыз азамат кәсіби дағдыларын жетілдірді. Ал «Бастау бизнес» бағдарламасы аясында 2,9 мың адам оқытылып, олардың 260-ы әлеуметтік осал топтардың өкілдері болды. Бағдарлама нәтижесінде 400 АЕК көлеміндегі грантты иеленген азаматтар өз кәсіптерін бастау мүмкіндігіне ие болды.

    Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін жыл басынан бері 69 жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 980 жұмыс беруші 9 065 бос жұмыс орнын ұсынды. Сонымен қатар, 279 азамат, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 54 адам мен пробация қызметінде есепте тұрған 225 адам жұмыспен қамту шараларына жүгінді. Нәтижесінде, 224 адам тұрақты жұмысқа орналастырылса, 17 азамат қоғамдық жұмыстарға тартылды.

    Айта кету керек, мүгедектігі бар азаматтарға да ерекше көңіл бөлінуде. Облыста 97 кәсіпорынға 166 жұмыс орнына квота белгіленген. Жыл басынан бері 1 143 мүгедектігі бар азаматтың 487-сі тұрақты жұмысқа орналастырылды.

    Ұсынымдар

    Қала көркін қашырған жарнама

    Қала көркін қашырған жарнама

    10 months ago
    Спорт шеберлері дауыс берді

    Спорт шеберлері дауыс берді

    11 months ago
    Білікті білім ордасы

    Білікті білім ордасы

    11 months ago
    Жеңіс тұғырынан көрінді

    Жеңіс тұғырынан көрінді

    1 year ago
    Алматы облысында ұзындығы 30 метрлік ту жайылды

    Алматы облысында ұзындығы 30 метрлік ту жайылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>