-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Банк өкілдерін қабылдады

    12.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Банк өкілдерін қабылдады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің Уайт Роланд Брюс, Нада Мохамед Адель, Ұлан Тәжібаев, Саламат Құсайынова сынды өкілдерімен кездесті. Басқосуда тараптар екіжақты бірлескен жобалар жайын талқылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

    Алғашқы болып сөз бастаған аймақ басшысы, ең алдымен, мәртебелі меймандарды өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен таныстырып, аталған банк өкілдігімен ауыл шаруашылығы, коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым, автожол салу, әуежай құрылысын жүргізу бойынша бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді. Халық саны көп аймақтағы туу көрсеткішінің жоғары екенін, соған сай инфрақұрылымдық, әлеуметтік, коммуникациялық мәселелер жайы туындайтыны заңдылық екеніне тоқталған әкім бұл ретте сумен, жылумен, электрмен қамту мәселесінде қаржы бөлу қажеттігін айтты.
    – Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Өйткені біз Дүниежүзілік банктің маңыздылығын түсінеміз. Облысымыз – республикадағы ірі аймақтың бірі. Соңғы санақ бойынша, 1,5 миллионнан аса адам шоғырланған. Оңтүстік мегаполис – Алматы қаласының жақын орналасуы да аймақтың дамуына әсер етеді. Облыс арқылы Ұлы Жібек жолы өтеді. Өңірдің транзиттік әлеуеті аса жоғары. Қазір «Жетіген – Қазыбек бек» темір жолы жобасы жүргізілуде. Келесі жылы аяқталып қалады. Бұл – Алматыны айналып өтетін темір жол. Сол кезде екі үлкен станса қарқынды дамитын болады. Қазір сол жерлерде индустриялық аймақ құрудамыз. Облыстағы басым бағыттың бірі – аграрлық сала. Бүгінде сала дамып, өңірлік жалпы өнім көлемі тұрақты артып келеді. Қазір облыста Алатау қаласы құрылды. Жаңа қаланы құру жол желілері, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын модернизациялауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестицияларды, технологияларды, қосымша қаржы ағынын тартуға, кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға, салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық тұрақтылығын жақсартуға ықпал етеді, – деген Марат Елеусізұлы бүгінде облыс аграрлы-индустриалдық аймаққа айналғанын алға тартты.
    Өз кезегінде Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің өкілдері айтылған ұсыныстар бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді. Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта нақты ұсыныстар негізінде жұмыс істеуге уағдаласты.
    Айта кетейік, Дүниежүзілік банк бұл әлемдегі дамушы елдерге қаржылық және техникалық көмек көрсететін маңызды көздердің бірі саналады. Банк өкілдерінің айтуынша, олар кедейлікті азайту және қолдау көрсету бойынша бірегей серіктестік механизмін ұсынады. Дүниежүзілік банк 1944 жылы құрылғаннан бері ұдайы даму үстінде.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Чемпиондардың қара шаңырағы қараусыз қала ма?

    Чемпиондардың қара шаңырағы қараусыз қала ма?

    2 months ago
    ҚХА жұмысын жандандыруымыз керек

    ҚХА жұмысын жандандыруымыз керек

    1 year ago
    Жеңіс Эстафетасы

    Жеңіс Эстафетасы

    1 month ago
    Теңге ілуден жарысты

    Теңге ілуден жарысты

    1 year ago
    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>