Перейти к содержимому
Главная страница » ҚазҰУ түлектерімен байланыс нығаяды

ҚазҰУ түлектерімен байланыс нығаяды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Арсен Жакупов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттарымен және докторанттарымен кездесті.

Кездесу барысында департамент басшысы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуын аяқтаған жоғары оқу орындарының түлектері конкурс өткізбей-ақ кейбір лауазымдарға қабылдануы мүмкін екенін хабарлады.

Сондай-ақ, Арсен Жакупов мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуды бітірген докторанттар мемлекеттік органдарда жұмыспен өтеуге мүмкіндігі туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, департамент пен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында жас мемлекеттік қызметшілер мектебін ашу туралы келісімге қол жеткізілді, оның басты мақсаты — талантты және белсенді жастарды мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тарту болып саналады.