-13 °c
Qonaev
Sunday, June 8, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жиһаз зауыты ашылды

    18.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Құқық-заң
    Жиһаз зауыты ашылды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Заречный кентіндегі ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№57 мекемесі» РММ-нің  өнеркәсіптік аймағында жиһаз жасайтын зауыт іске қосылды. Жазасын өтеушілерді еңбекке баулитын жұмыс орнының ашылуына облыс әкімдігі мен прокуратура қолдау білдірген.

    Зауыттың салтанатты ашылуында Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары М.Сабыров, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жақыпов, Алматы облысы бойынша мекемелерде қылмыстық жазалардың орындалуын қадағалау және заңдылығы жөніндегі мамандандырылған прокурорының өкілі Д.Балғабек сөз сөйлеп, жазасын өтеп жүргендерді еңбекке тарту, олардың болашақтағы өміріне оң әсерін тигізетінін алға тартты. Шынымен, үнемі еңбек ететіндердің құқық бұзушылыққа баруға ойы түгілі уақыты да болмайды. Сондықтан, түзеу мекемелерінде екі қолға бір күрек беретін жұмыс орындарын ашу маңызды.

    Аталған зауытта тұрақты түрде 30 адам жұмыспен қамтылып, әлеуметтік қолдаулар көрсетілмек. Зауыттың өндіру қуаты айына 6000 дана дайын жиһаздан асады. Өнімдері  еліміздің барлық аймағына сатылады. Сапалы жиһаздар нарыққа «BEREN» брендімен таралатын болады. Зауытқа қазір «NAT Invest» ЖШС тарапынан 250 млн теңге жеке инвестиция тартылған. Сонымен қоса, өндіріс орны ҚХР-дан әкелінген ең соңғы үлгідегі өнеркәсіп жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Зауытта жұмысшыларға барлық жағдай жасалған.

    Заречный кентіндегі түзеу мекемесіндегі мамандардың сөзінше, мұнда 33 жеке кәсіпорын жұмыс істейді. Аталған кәсіпорындарда 600-ге жуық жазасын өтеп жатқан азаматтар еңбек етеді. Оларға 85 мың теңге көлемінде жалақы төленеді. Мұнда қатаң күзетілетін аймақта орналасқан ғимараттар тегін беріледі және арзан жұмыс күші жеткілікті. Сондықтан түрмеде өндірістік нысан ашу кәсіпкерлер үшін тиімді. Жазасын өтеушілер өз жалақысы есебінен мемлекет немесе жеке тұлғалар алдындағы қарызын қайтарады. Ал бұл жағдайда олардың жазасы жеңілдеп, бостандыққа шығу мерзімі жақындай түседі.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Мәртебе берілді, мәселе қалды

    Мәртебе берілді, мәселе қалды

    1 year ago
    Қонаевта заңсыз ағаш кескендерге айыппұл салынды

    Қонаевта заңсыз ағаш кескендерге айыппұл салынды

    1 year ago
    АЛМАТЫ ЖӘНЕ ҚОНАЕВ

    АЛМАТЫ ЖӘНЕ ҚОНАЕВ

    9 months ago
    Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

    Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

    2 years ago
    Алматы облысында вирусты «А» гепатитімен сырқаттану деңгейі жоғары

    Алматы облысында вирусты «А» гепатитімен сырқаттану деңгейі жоғары

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>