-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Аналар – асыл жандар

    18.11.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Аналар – асыл жандар
    0
    SHARES
    23
    VIEWS

    «Қыз өссе – елдің көркі», «Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербейді» деген өсиет сөз бар. Демек ана тәрбиесінің ұлт болашағына тигізер үлесі зор. Осыған орай, Кеген ауданы Тасашы ауылдық Мәдениет үйінде аудандық жастар ресурстық орталығы мен ауылдық округтегі аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Қазақ аналары: кеше, бүгін, ертең» деген тақырыпта аудандық семинар өтті.

    Аталған шараға аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Бақытгүл Көнеева, облыстық жастар ресурстық орталығының психолог маманы Меруерт Рысбекова мен ұйымдастыру бөлімінің маманы Әкежан Қабдолдаев, аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкері Гүлназ Толонқызы, ауыл әкімі Ерболат Төребаев, ауылдық округтердегі аналар кеңесінің мүшелері мен ауыл тұрғындары қатысты.

    Қонақтарды «Ару Ана» әжелер тобы шашумен қарсы алып, ұлағатты ұстаз Сара Қасымханова қазақ дәстүрінен сыр шертетін арнайы көрмені таныстырды. Алғашқы кіріспе сөз алған Тасашы ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Сара Қасымханова кешегі әжелер тәрбиесін алға тартып, бүгінгі аналардың қоғамда алатын орнын әңгімеледі.

    Семинар барысында баланы бесікке салу, келі-келсап, көрпе жасау, әжелердің құрақ құрау сынды дәстүрлі қолөнер бұйымдары көрсетіліп, шараның мазмұнын айшықтай түсті. Бір әулеттің ғана емес, бүкіл елдің данагөйіне, асыл анасына айналған Домалақ ана жайлы «Ару Ана» ансамбльнің орындауындағы «Домалақ ана» әні көпшілікті баурап алса, Ақтасты Мәдениет үйінің директоры Жандос Маратұлы бастаған өнерпаздардың қазіргі заман әйелдері жайлы әзіл-шыны аралас сахналық көрінісі көрермендерді бейжай қалдырмады.

    Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Гүлназ Толонқызы ана тақырыбында баяндама оқып, тренинг-сауалдар жүргізді. Тасашы ауылдық ақсақалдар алқасының мүшесі, ардагер ұстаз Жеңіс Қарабалаев, облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері Меруерт Рысбекова, Әкежан Қабдолдаевтар қоғамдағы ана рөлінің бүгіні мен кешегісін тілге тиек етті.

    Шара соңында ауыл әкімі Ерболат Төребаев ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп,  бір топ аналарға елеулі еңбегі үшін Алғыс хат табыс етті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Туризм әлеуеті артады

    Туризм әлеуеті артады

    7 months ago
    Зілзалаға байланысты жедел штабтың отырысы өтті

    Зілзалаға байланысты жедел штабтың отырысы өтті

    1 year ago
    Суды үнемдеуден ұтарымыз көп

    Суды үнемдеуден ұтарымыз көп

    10 months ago

    Қан құрамын талдау

    1 year ago
    Шаруаларға шынайы көмек

    Шаруаларға шынайы көмек

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>