-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жүз жыл бұрын соғылған қоңырау

    22.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Жүз жыл бұрын соғылған қоңырау
    0
    SHARES
    55
    VIEWS

              Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылында орналасқан Авут Саттаров атындағы орта мектептің алғашқы қоңырауы осыдан бір ғасыр бұрын соғылған. «Жүз жылдық тарихы бар мектептер» жобасы аясында аталған білім ордасында ауқымды іс-шара өтті.

    Кезінде Қаратұрықты жұртшылықтың «Ұстаздар ауылы» деп атауы да тегіннен- тегін емес. 1900 жылдан бастап елдімекенде орта білім беретін мектеп ашылады. Онда қазақ, ұйғыр, дүнген балалары хат таниды. Көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіруді көздеген ел ағалары 1919-1920 жылдары Қаратұрық ауылынан 16 адамды мұғалімдер даярлайтын қысқа курсқа жібе­реді. Оқуын тәмамдап келген мамандар Шелек, Қорам, Байсейіт, Қаражота, Сөгеті, Асы, Киікбай, Малыбай ауылдарында мектеп ашып, бала оқытуды қолға алады.
    Солардың бірі – Қаратұрық ауылындағы «Жаңа шаруа» – «Йеңи дехан» атты жеті жылдық мектеп, яғни бүгінде 1100 баланы білім нәрімен сусындатып отырған А.Саттаров атындағы орта мектеп. 1955 жылдан бастап білім ошағы М.Калинин аталып, 1997 жылы соғыс және еңбек ардагері, қоғам қайраткері, 17 жыл Қаратұрық кеңшарының директоры қызметінде болып, өңірдің өсіп-өркендеуіне мол үлесін қосқан осы ауылдың тумасы Авут Асанұлы Саттаровтың есімі беріледі.
    «Жүз жылдық тарихы бар мектептер» жобасы аясында ұйымдастырылған кешке білім саласының қызметкерлері, аудан зиялылары, ауыл тұрғындары, білім ордасының түлектері, Авут
    Саттаровтың туыстары мен бірге қызмет атқарған замандастары қатысты. Кешегі күннің естеліктері айтылып, бүгінгі заманның жетістіктері ортаға салынған кездесу көтеріңкі көңіл-күймен өтті. Авут Саттаровтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Мектеп дәлізіндегі көрме көпшіліктің көкейіндегі сан сұраққа жауап тауып тұрғандай. Білім ордасының тарихы, оқушылардың білім мен спорттағы, өнердегі бағындырған биіктері мен балалардың шеберлігін паш етер қолөнер бұйымдары – нағыз іздегенге сұраған.
    Мәжіліс залында өткен салтанатты кеште кезінде Авут Саттаровпен қызметтес болып, Қаратұрық ауылына ғана емес, Шелек өңірінің жан-жақты дамуына мол үлес қосып, еңбегі сіңген қоғам қайраткері Елеусіз Сұлтанғазы­ұлы сөз сөйлеп, тарих қойнауынан сыр шертетін деректермен бөлісті. Сондай-ақ ауыл әкімі Айбек Ілебаев, ­Қаратұрық ауылының құрметті азаматтары, жазушылар – Қасим Исмаилов, Авут Мәсимов, Авут Саттаровтың ұлы Дамир Саттаров ауқымды іс-шараны ұйымдастырып отырған мектеп ұжымына жылы лебіздерін білдіріп, алғыс айтты. Өз кезегінде мектеп директоры Айкерім Сарыбаева Елеусіз Сұлтанғазыұлына, аталған мектептің директоры қызметін атқарып, зейнет демалысына шыққан ұстаз Қасим Исмаилов, Авут Саттаровтың ұлы Дамир Саттаровқа құрмет көрсетіп, шапан жапты.
    Жүз жылдық жылнамасы тарихқа таңбаланған бұл оқу ордасы бүгінде білім беру саласындағы үздіктер қатарында. Оқушылар бос уақытын тиімді өткізіп, сапалы білім алуы үшін мектепте бар жағдай жасалған. Дәлізде шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, конструктор ойнайтын бұрыштар ұйымдастырылған. Ал «Оқуға құштар мектеп», «Зерттеуші мектеп» жобалары мен «Ұшқыр ой» дебат алаңы – балалардың білімін шыңдап, бәсекеге қабілетті шәкірт дaйындaудағы мықты құралдың бірі. Заман талабына сай барлық керек-жарағымен жабдықталып, материалдық базасы толыққанды түгенделген мектеп ғимараты 2018 жылы күрделі жөндеуден өткен. Мұнда 123 мұғалім оқушыларға қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде білім беріп, болашақтың тетігін ұстар білікті ұрпақ өсуіне өз үлестерін қосып келеді.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Ауылшаруашылығы құрылымдарына дизель жеткізетін операторларды айқындауға өтініш беру басталады

    Ауылшаруашылығы құрылымдарына дизель жеткізетін операторларды айқындауға өтініш беру басталады

    2 years ago
    Алматы облысында найзағай ұрған бала аман қалды

    Алматы облысында найзағай ұрған бала аман қалды

    2 years ago
    Бар мейірім – балаға!

    Балалардың игілігі – мемлекеттің басым міндеті: Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды

    4 months ago
    Қонаев қаласында туристік жолдар жөндеуден өтіп жатыр

    Қонаев қаласында туристік жолдар жөндеуден өтіп жатыр

    8 months ago
    Майдангер жыр кітабы

    Майдангер жыр кітабы

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>