-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа мүмкіндік бастауы

    23.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Жаңа мүмкіндік бастауы
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Желтоқсан айында Қарасай ауданы Елтай ауылдық округіне қарасты Көкөзек ауылында құрылысы жүріп жатқан «Imagine Apple Logistics» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі терминалдың бірінші кезеңі іске қосылады деп күтілуде. Алғашқы уақытта кәсіпорында  600 адам еңбек ететін болса, толық қуатына енгенде мыңнан астам адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады деп жоспарланған.

    ­– «Imagine Apple Logistics» негізі 1995 жылы қаланған. Ол «Apple City Corps» компаниясына еншілес болып саналады,­ – дейді кәсіпорын директоры Ләззат  Абдрахманова. ­­–  Бұл жерде «Apple City  Corps» компаниясы әлемге танымал «Procter & Gamble, Mondelez JDE» сынды компаниялардың ұлттық дистрибьютері екенін айта кеткім келеді. Сонымен қатар ол ұлттық компания ретінде  P&G желісімен бірлесе отырып, Қырғызстан және Өзбекстанмен тығыз қарым-қатынас орнатқан.

    Ләззат Амангелдіқызының айтуынша, бұл жерде бой көтерген заманауи қоймалар еліміздің логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтудің ұзақ мерзімге арналған стратегиялық жоспары саналады. Алғашқы логистикалық терминал былтыр Астана қаласында бой көтерген болатын. Алайда, Қарасай ауданында салынып жатқан «Imagine Apple Logistics» кәсіпорны Астанадағыдан әлдеқайда үлкен. Бұл түсінікті де, себебі Алматы өңірі қашанда еліміздегі  маңызды әрі шешуші логистикалық орталық болып саналатынын ешкім жоққа шығара алмайды. Ал жаңа кешен компанияның мүмкіндігін ұлғайтып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарта түседі. Яғни, жергілікті бюджетке қомақты қаржы түсірумен қатар, елдімекендерді абаттандыруға, жол қатынасын жақсартуға септігін тигізеді деп күтілуде.

    Аталған жобаның басты тапсырыс берушісі – «ПК Эффект» ЖШС. Ал техникалық қадағалауды «Engineering Servicts» мамандары жүзеге асырып келеді.  Кешенге тиесілі жердің жалпы көлемі  85 мың шаршы метр болса,   оның 40 мың шаршы метріне  200 мың тонна жүк тасымалдауға арналған терминалдар орналасады. Ал 2031 жылға дейін  кешеннің қуаттылығы  500 мың тоннаға жетіп, мыңнан астам маман еңбек етеді деп күтілуде.

    Жоба бойынша  мұнда негізінен қойма ғимараттары, жүктерді сұрыптайтын цех,  гараж бен көлік жуатын орындар, сонымен бірге инженерлік жүйелер орналасады. Ал кешеннің магистралды жолдарға жақын орналасуы жүріп-тұрудың қарапайым әрі оңай болуына мүмкіндік береді.

    Ләззат Амангелдіқызының айтуынша, кәсіпорын айналасындағы жерлер мен елдімекендерді абаттандыруға, жолдарды ретке келтіріп, жұмысшылардың қатынауына қолайлы жағдай туғызуды да басты мақсат етіп қойған.

    Бүгіндері кәсіпорын өңірге көгілдір отын жеткізуді қолға алып отыр. Желтоқсан айында бірінші кезеңін іске қосу үшін алдымен электрмен, телекоммуникациямен қамтамасыз ету маңызды. Бұл шараларды облыстың қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес екені түсінікті. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің кезекті сапарында бұл мәселелер де талқыланып, бүгіндері нақтылы жұмыс атқарылуда.

    «Imagine Apple Logistics» жобасы компания үшін ғана емес, сонымен қатар  үлкен көлемде инвестиция тарту арқылы өңірдегі бизнестің өркен жаюына да әсер етеді. Жаңа жұмыс орындарын ашу – жергілікті тұрғындардың әлеуметтік  мәселелерін шешіп, өмір сүру сапасын арттыратыны сөзсіз. Сонымен қатар заманауи мамандықтарға деген сұраныстың артуы – жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Орта Азияда теңдесі жоқ логистикалық орталықтың ашылуы Алматы облысын ғана емес, жалпы ел экономикасын алға жылжытуға, алыс-жақын шет мемлекеттермен тиімді байланысты орнатуға зор үлес қосады.

    Қуат Қайранбаев,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Кәсіпкерлерге жер берудің жаңа тәртібі түсіндірілді

    Кәсіпкерлерге жер берудің жаңа тәртібі түсіндірілді

    2 years ago
    Энергетиканы еселейді

    Энергетиканы еселейді

    10 months ago
    Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың аты-жөні анықталды

    Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың аты-жөні анықталды

    2 years ago
    Тұмаудан сақтаныңыз!

    Тұмаудан сақтаныңыз!

    5 months ago
    Жастар неге «Tik Tok»-қа әуес?

    Жастар неге «Tik Tok»-қа әуес?

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>