-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мектебіміз апатты жағдайда тұр

    25.11.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәселе
    Мектебіміз апатты жағдайда тұр
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

          Мен Еңбекшіқазақ ауданы Сарыбұлақ ауылының тұрғынымын, көпбалалы, «Алтын алқалы» анамын. Төрт құбылам тең, ұлды ұяға, қызды қияға қондырған жанмын. Балаларым, немерелерім өз кәсібімен айналысып, ­Алланың берген несібесін теріп жеп жүр. Оларды уайымдамаймын. Мені алаңдататыны — ауылымның жайы, ұрпағымның келешегі.

    Нақтырақ айтсақ, бүгінде балаларымыз білім алып жатқан мектеп апатты жағдайда тұр. Сарыбұлақ ауылдық орта мектебінің тоқсан жылдық тарихы бар. Білім ошағы орын тепкен ғимараттар кеңшар тарамай тұрған кезінде кеңсе, тұрғын үй болған. Оқушылар сыймағаннан кейін мектеп ретінде берілген. Бүгінде апатты жағдайда тұрған мектебіміздің жағдайын біраз лауазымды тұлғаларға айттық. Теледидардан да бірнеше рет көрсетілді. Қысқасы, «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, біз айтудан жалықпадық, жоғары жақтағылар көріп кетуден жалықпады. Облыс әкімінің өзі ауылдың тыныс-тіршілігін, хал-жағдайымызды білуге келген кезде, облыстық білім басқармасының басшылығы ­Сарыбұлаққа мектеп салынбайтынын жеткізді. Көрші ­Қаражота ауылына «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында білім ошағы салынатынын, ал Сарыбұлақ мектебінің оқушылары тасымалданып оқитынын айтты. Сонда балаларымыздың өмірін, жол қауіпсіздігін кім ойлайды? Ауылдан 12-15 шақырым қашықтықтағы мектепке бару үшін баланы таң азанмен оятып, жолға қамдау керек. Бұл оқушыға да, ата-анаға да оңай емес.
    Биліктегілер Ақтоған мен ­Қаражотаға білім ошақтарын тұрғызуға шешім қабылдағанда сарыбұлақтықтарға аядай мектепті қимады ма? Бізде не спортзал, не акт залы жоқ. Дәретхананың өзі далада орналасқан. Дене шынықтыру сабағы сыртта өтетіндіктен балалар күркілдеп жөтеліп, қыста ауырып қалады.
    Осыдан екі ай бұрын «Мектеп салынатын болды» деген жақсы хабар жетіп, қазығы да қағылған еді. Сүйіншілеп, бас киімімізді аспанға лақтырдық. Аудан әкімі «Самұрық Қазына» 300 орынды мектеп салатын болды деп еді. Ол да жүзеге аспайтын болып қалыпты. «Уәде – Құдай сөзі» деуші еді. «Самұрық Қазына» бастапқы ойынан неге бас тартқаны тағы белгісіз. Балаларының келешегін ойлаған ата-аналар, жеке көлігі барлар Шелек ауылына қатынап оқытуда. Ауылымызда балабақша жоқ болғандықтан бүлдіршіндерді де Шелекке апарып келуге мәжбүрміз. Кеңшар тараған кезде жастарымыз жұмыс іздеп, ауылдан үдере көшіп, қала жағалады. Осында мал бағып, шал-кемпірлер ғана қалып еді. 10-15 жылдан бері қаладан жастарымыз қайта оралып, үйлерін сәндеп, еурожөндеуден өткізіп, бірінен-бірі қалыспай өмір сүре бастады. Жермен айналысып, тіршіліктерін оңалтты. Келіндеріміз 5-6 баланы дүниеге әкеліп, жан саны да арта түсті. Міне, осылайша берекелі тірлік кешіп, өсіп тұрған ауылым, қайта өше ме деп қорқамын. Мектеп, балабақша салынбаса, балаларының болашағын ойлаған жас отбасылар қайтадан қалаға үдере көшпесіне кім кепіл?!
    Бүгінде мектептің халі мүшкіл. Іші-сыртын бүтіндеп, айырылған жерлерін балшықпен сылап қойғаннан тік тұр. Жер сілкінісі бола қалса, балалар бір жағдайға ұшырай ма деп алаңдаймыз. Мұндай жағдайда бала өмірі үшін кім жауап береді?
    Әрбір болашағы жарқын ауылдың мәдениет ошағы, балабақшасы мен білім ордасы болуы керек деп ойлаймыз. Осы тұрғыдан алғанда ауылымызға ең болмағанда мектеп пен балабақша салынса деген үлкен өтінішіміз бар. Басқа ауылдар, ел-жұрт көріп отырған игіліктен неге біздің бала-шағамыз қағылады?! Жоғары жақтағы, билік басындағы жандар бүтін ауыл болашағына бей-жай қарамай, сарыбұлақтықтардың жанайқайына жауап қатар деген үміттеміз.

    Емелхан Қайыпова,
    Сарыбұлақ ауылдық әйелдер қоғамының төрайымы,
    «Алтын алқа» иегері
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Бірқатар өңірде оқушылар онлайн оқиды

    Бірқатар өңірде оқушылар онлайн оқиды

    1 year ago
    Жаңа қызмет – жаңа міндет

    Жаңа қызмет – жаңа міндет

    1 year ago
    Қонаевта дара тұлғаға арналған турнир жалауын көтерді

    Қонаевта дара тұлғаға арналған турнир жалауын көтерді

    2 years ago
    Ардагерлер құрметке бөленді

    Ардагерлер құрметке бөленді

    1 year ago
    Биылғы Наурыз мейрамының ерекшеліктері

    Биыл Наурыз мерекесі қалай аталып өтеді?

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>