-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Көптен күткен қуаныш

    25.11.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Инфрақұрылым
    Көптен күткен қуаныш
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

           Қарасай ауданы – тұрғындар саны күн санап артып келе жатқан өңір. Сол себепті мұнда үшаусымды мектептер мәселесі жиі көтеріледі. Бұл өзекті жайтты шешу мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа білім ошақтарын салу қолға алынған. Күні кеше ғана Елтай ауылдық округіне қарасты Көкөзек ауылында пайдалануға берілген мектеп солардың қатарында. Сәні мен сапасы келіскен білім шаңырағының ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым мен Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов қатысты.

    «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының тапсырысы бойынша «BI Global» құрылыс компаниясы жүзеге асырған жобаның құны 8,8 млрд теңгені құрайды. 1500 оқушыға арналған үш қабатты ғимарат 3 гектар жерге орналасып, барлық қажеттілігі ескеріле отырып салынған бірегей мектеп болып саналады.
    Білім шаңырағының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Нұрлан Ерғалиұлы елімізде үшауысымды мектептер мәселесін шешу барысын­да атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айта келіп, аймақтағы бұл бағытта қолға алынған ілкімді істерге тоқталып өтті. Көкөзек ауылында барлық керек-жарақтармен қамтамасыз етілген жайлы мектепте оқыған жастардың сапалы білім мен саналы тәрбие алып шығатынына сенім білдірген ол ұстаздар ұжымы мен оқушыларды, ата-аналарды қуанышымен құттықтады.
    Сөзінің соңында Нұрлан Ерғалиұлы мектептің уақытылы әрі сапалы етіп салынуына үлес қосқан мердігер мекеменің бірнеше құрылысшысына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Алғыс хатын табыс етті. Бұл жолы Айтбай Қалымбайұлы, Есімхан Қуанышұлы, Нұрлан Әнуарұлы сынды озаттар марапатқа ие болды.
    Қалыптасқан дәстүр бойынша құрылысты жүргізген «BI Global» компаниясына қарасты «Промкомплект-Б» ЖШС-ның бас директоры Айтбай Әбенов мектеп директоры Жанна Шайхиеваға жаңа ғимараттың кілтін табыс етті. Осы орайда құрылыс компаниясының мектеп ұжымына құны 1 млн теңге болатын сертификатты табыс етуі тосынсый болғаны анық. Салтанатты шара барысында халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша қариядан бата сұралып, ақ жаулықты аналарымыз шашу шашты.


    Осыдан кейін қонақтар жаңа ғимараттың ішін аралап, сынып бөлмелері мен спорт залын, асхана мен кітапхана жұмысымен танысты. Мектеп айналасы талапқа сай абат­тандырылып, көгалдандырылса, ішкі жабдықталуы да жұртшылық көңілінен шықты. Мұнда физика, химия, биология пәндеріне арналған бөлмелер, үлкен жиынжай, жас­өспірімдер мен ересек балаларға арналған екі спортзал, еңбек сабағына арналған бөлмелер, логопед, психолог мамандары жұмыс істейтін медицина кабинеті бар.
    Қарасай аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Әсел Еркімбаеваның айтуынша, жаңа мектепте қазірдің өзінде 1742 бала оқуға ниет білдірсе, 134 педагог білім беретін болады. Ал алдағы уақытта «Жайлы мектеп» жобасы бойынша Қаскелең қаласы мен Кемертоған және Алмалыбақ ауылдарында білім ғимараттары салынбақ. Осылайша, демографиялық өсімі өркендеп келе жатқан өңірде үшауысымды мектеп мәселесі өз шешімін табады деп күтілуде.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Табиғи апатқа білім бөлімдері де алаңдайды

    Табиғи апатқа білім бөлімдері де алаңдайды

    1 year ago
    Ерлікке тағзым

    Ерлікке тағзым

    4 weeks ago
    Ізгі жандарға құрмет

    Ізгі жандарға құрмет

    2 years ago
    Алматы облысында мыңдаған адам қаржылық сауатын арттырды

    Алматы облысында мыңдаған адам қаржылық сауатын арттырды

    10 months ago
    Алматы облысының әкімі Қарасай ауданы тұрғындарымен кездесті

    Алматы облысының әкімі Қарасай ауданы тұрғындарымен кездесті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>