-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жастарға жігер берді

    03.12.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Жастарға жігер берді
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         Еңбекшіқазақ ауданы Шелек политехникалық колледжінің мәжіліс залында студенттер Халық қаһарманы, генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев пен жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанмен кездесті.

    Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған басқосуға аты аталған қос тұлғамен бірге ҰҚК-нің ардагер қызметкері, полковник Қараби Мұхамбетқалиев пен запастағы капитан Әсет Алжанбай қатысты.
    ҚР ҰҚК-нің төрағасы, ҚР Президенті күзет қызметінің бастығы, ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы, ҚР Қорғаныс министрі, кейін Президент кеңесшісі, Президенттің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтау мәселелері жөніндегі комиссияның басшысы қызметтерін атқарған Сәт Бесімбайұлы жастарға өзінің ата-анасының қарапайым жұмысшы болғанын, алғашқы еңбек жолын Боралдай кірпіш зауытында бастап, бүгінгі ауыз толтырып айтатындай жоғары дәрежелі лауазымдарды жауапкершілікпен атқарғанын әңгімелеп берді. Халық қаһарманы жас ұрпаққа Отанның оттан да ыстық екенін өмірдегі нақты мысалдармен жеткізіп, студенттерді қызықтырған сауалдарға тұщымды жауап берді.
    Бұдан кейін студенттер жазушы ­Сәуле Досжанның әдебиет туралы ойларын тебірене тыңдады. «Менің жалғыз серігім», «Үшінші есіктің құпиясы», «Жатқа туған бала», «Арман қала», «Үлкен үйдегі үрей», «Құдіретті қалам» сынды кітаптардың авторы Сәуле Мағазбекқызының туындылары орыс, жапон, француз, тағы басқа тілдерге аударылған. «Парасат» орденінің иегері.
    «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?!» деп қазақтың ұлы жазушысы ­Мұхтар ­Әуезов айтқандай, Сәуле Досжан жастарға ақыл-кеңесін айтып, оларға дұрыс жол сілтеді. Озық елдің білімін үйренуден жалықпай, халыққа қалтқысыз қызмет етуге шақырды.
    Кездесу кешінде колледждің 3-курс студенті Эльнара Әбілова өзі жазған «Қыз монологын» оқып берді. Өнерлі жастар мың бұрала билеп, патриоттық әндерімен қонақтарды тәнті етті. Колледж директоры Қуат Дүйсебаев қос тұлғаға тәрбиелік мәні зор сөздері үшін алғыс айтып, сый-сияпат көрсетті. Ардагер ­Қараби ­Мұхамбетқалиев, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Қайсар ­Асқарұлы, Журналистер одағының мүшесі Нұрлан ­Мұхаметқалиев, Ішкі істер органының ардагері Бақытжан Қырықбаевтар аталған кездесудің жастар үшін тәлімі мол болғанын айтып, кеш иелеріне ыстық ықыластарын білдірді. Танымал тұлғалар жаңа кітаптарын жастарға сыйға тартып, естелікке суретке түсті. Айтары бар қариялар болса, жастар да жақсылық шыңына шығуға ұмтылатыны анық.

    Анарбек БЕРДІБАЕВ,
    Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

    Ұсынымдар

    ОҚУ МӘДЕНИЕТІН БІРГЕ ҚАЛЫПТАСТЫРАЙЫҚ

    ОҚУ МӘДЕНИЕТІН БІРГЕ ҚАЛЫПТАСТЫРАЙЫҚ

    1 year ago
    Облыс әкімі Қонаев қаласындағы құрылыс жұмыстарын тездетуді тапсырды

    Облыс әкімі Қонаев қаласындағы құрылыс жұмыстарын тездетуді тапсырды

    2 years ago
    Әскери қызмет – абыройлы міндет

    Әскердегі заң мен тәртіп

    3 weeks ago
    Абыройлы қызмет

    Абыройлы қызмет

    6 months ago
    Алматы облысының тұрғындарына ҮАААЖ бойында жүруге жеңілдік қарастырылған

    Жол – экономиканың күретамыры

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>