-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ашықтыққа негізделген

    05.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік қызмет
    Алматы облысының жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

            ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде мемлекеттік қызмет саласын жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырып, халыққа сапалы қызмет көрсету арқылы Әділетті Қазақстан құру.

    Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Әділетті Қазақстан – адал азамат» қағидаты аясында мемлекеттік қызметшілердің әділдік, адалдық және мемлекетшілдік қасиеттерін нығайтуға ерекше назар аударуда. Мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау жүйесіне енгізілген жаңашылдықтар арқылы ашықтық пен әділдік принциптері күшейтілді. Осы ретте жүзеге асып жатқан мемлекеттік қызметті реформалау жұмыстарының үш кейсімен бөлісе кеткеніміз жөн.
    Алғашқысы – жаңғыртылған «Е-Qyzmet» порталын іске қосу арқылы мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау рәсімдерін жеңілдету. Жыл басында бұл порталды пайдаланатын мекемелер саны 22 болса, қазіргі таңда екі есеге өскен. Жаңа жүйеде артықшылық өте көп. Мысалы, үміткерлер әлемнің кез келген нүктесінен онлайн түрде конкурстарға қатыса алады, қағаз құжаттар тапсырмай-ақ барлық деректер автоматты түрде жүктеледі, тестілеу кезеңінде заңнамалық актілер саны 9-дан 4-ке қысқартылған, ал ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті арнайы бағаланатын болған. Сонымен бірге үміткерлердің жеке деректері анонимді түрде өңделеді, ал жеңімпаздарды анықтау автоматты түрде жүзеге асырылады.
    Жаңа жүйе іске қосылғаннан бері мемлекеттік қызметке үміткерлер саны көбейген. Бұл мемлекеттік қызметке деген қызығушылықтың өскенін көрсетеді. Өз кезегінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жаңа іріктеу жүйесін масштабтау жұмыстарын жалғастыруда. 2025 жылдың басынан қосымша – 24, ал екінші жартыжылдығынан 26 мемлекеттік органда үміткерлер Еqyzmet.gov.kz порталы арқылы іріктелетін болады. Сонымен қатар, алдағы уақытта эмоционалды интеллект пен рухани даму деңгейін бағалайтын тестілер енгізу жоспарлануда.
    Екінші кейс – үздік түлектерге жаңа мүмкіндік беру. Мысалы, мемлекеттік грантпен оқу орындарын жоғары үлгеріммен (GPA 3,33 кем емес) аяқтаған жастар аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурссыз тағайындалу мүмкіндігіне ие болды. Осы бағытта ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті еліміздің үздік университеттерімен (ҚазҰУ, SDU, AlmaU және басқалары) және аудандық әкімдіктермен бірлесе тиісті жұмыстарды жүргізуде. Бүгінде Алматы облысында осы бастама аясында 36 жас маман мемлекеттік қызметке қабылданып, халық игілігі жолында еңбек етуде.
    Үшінші кейс – мемлекеттік қызметтегі басқарушы лауазымдарға талантты жастарды тарту мақсатында өңірлік кадрлық резервтерді қалыптастыру. Президенттік жастар кадр резервінің жалғасы ретінде 2024 жылы елімізде алғаш рет өңірлік кадрлық резервтері құрылды. Облыс бойынша 300-ге жуық үміткердің 26-сы резервке қабылданды. Олардың арасында ауылдық округ әкімдері, түрлі мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік, жеке сектордың өкілдері бар. Резервке алынғандар екі жыл ішінде «Б» корпусындағы әкімшілік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.
    Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметке деген талап күшейді. Бұл өзгерістер – азаматтарға сапалы қызмет көрсету және халықтың сенімін арттыру бағытындағы маңызды қадамдар. Аталған агенттік осы реформаларды сапалы жүзеге асыру арқылы әділетті, адал және білікті мемлекеттік қызметшілер қатарын арттыруды көздейді. Мемлекеттік қызметке орналасқыңыз келсе Еqyzmet.gov.kz порталына кіріп, өз мүмкіндігіңізді байқап көріңіз!

    Ділмұрат СУНАТИЛЛАЕВ,
    ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
    Алматы облысы бойынша департаменті мемлекеттік
    қызмет басқармасының басшысы

    Ұсынымдар

    Ұлық болсаң, кішік бол

    Ұлық болсаң, кішік бол

    6 months ago
    Әкім: Бұл сайлау жаңа буынның қалыптасуына себеп болады

    Әкім: Бұл сайлау жаңа буынның қалыптасуына себеп болады

    2 years ago
    Дәстүрлі басылымның жөні бөлек

    Дәстүрлі басылымның жөні бөлек

    6 months ago
    Халық саны 20 миллионға жетті

    Халық саны 20 миллионға жетті

    1 year ago
    Абай облысындағы өрт әлі сөндіріліп жатыр

    Абай облысындағы өрт әлі сөндіріліп жатыр

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.