-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жас балуандар республикада топ жарды

    06.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Жас балуандар республикада топ жарды
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Алматы облысының жас балуандары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған республикалық турнирде үздік нәтиже көрсетті. Жарыс Қарасай ауданындағы «Nur-Aman» спорт кешенінде өтті. 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер өздерінің физикалық және техникалық-тактикалық дайындығын көрсетті.

    Жарысқа елдің он өңірінен, атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Ұлытау облыстарынан, Жетісу облысы мен Алматы қаласынан 10 команда, барлығы 290 спортшы қатысты.
    Мамандардың айтуынша, қазақ күресінің танымалдылығы жылдан жылға артып келеді. Аталған турнир өскелең ұрпақты патриоттық рухқа тәрбиелеу, қатысушылардың спорттық тәжірибесін арттыру, әр өңірдегі балуандардың достық байланысын нығайту мақсатында өткізілді. «Бұл спорт түрі – біздің қанымызда бар. Ата-бабаларымыз қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін ұлдарының бойына сіңіріп отырған. Ұлттық спорт түрін облыстың барлық аудандарында дамыту мақсатында түрлі деңгейдегі жарыстарды ұйымдастырып келеміз. Алдағы уақытта балаларды қамту аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Осындай спорттық іс-шаралардың арқасында біздің балуандарымыз республикалық және әлемдік аренаға шығады деп үміттенемін», – дейді қазақ ұлттық күресінің ардагері Қапар Раунов.
    Қазақша күресте спортшының техника деңгейі мен дене дайындығы маңызды рөл атқарады. Дененің жоғарғы бөлігінен ұстауға, белбеу әдістеріне, аяқпен іліп қағуға, жамбас арқылы лақтыруға рұқсат етіледі.
    «Бүгінгі жарыс қазақ ұлттық күресінің тек ересектер арасында ғана емес, жас спортшылар арасында да танымал екенін дәлелдейді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған турнир дәстүр бойынша 14-15 жастағы жасөспірімдерге арналған. Дәл осы жаста балуандардың күрес техникасының негізгі дағдылары қалыптасады. Алматы облысының намысын қорғап жүрген құрама негізінен Қарасай, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Алакөл және Кеген аудандарының өкілдерінен құралған», – деп атап өтті Алматы облысының қазақ күресі бойынша жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Қуандықов.
    Жарыс нәтижесінде 10 алтын медальдің 4-еуін Алматы облысының спорт мектептерінің тәрбиеленушілері жеңіп алды. Бақдәулет Кенжебек, Дінмұхамед Базарбай, Бекарыс Биғалиев және Ерасыл Сүйімбай облыс құрамасының қоржынына алтын медаль салды, одан басқа тағы 6 күміс және 5 қола медаль бар. Бұл жалпы командалық есепте бірінші орын алуымызға мүмкіндік берді.
    Жамбыл облысы жеңіп алған медаль саны бойынша екінші орынға ие болды: 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль. Жеңімпаздар қатарында Берік Есет, Заңғар Жақсылық және Айсұлтан Жалғасұлы бар. Сондай-ақ, Алматы қаласының екі спортшысы Мұхамеджан Қабылқожа мен Дінмұхамед Кеңесбек жоғары көрсеткіш көрсетті. Жетісу облысының өкілі Бекзат Қоғайбек те қарсыласының жауырынын жер иіскетті.

    Ұсынымдар

    АРДАГЕРЛЕРГЕ ГАЗЕТ ӨТЕ ҚАЖЕТ!

    АРДАГЕРЛЕРГЕ ГАЗЕТ ӨТЕ ҚАЖЕТ!

    2 months ago
    Бір мезетте екі орталық ашылды

    Бір мезетте екі орталық ашылды

    2 weeks ago
    Балуандар бәсекесі

    Балуандар бәсекесі

    2 weeks ago
    Қонаевта жаңа жағажай қолданысқа берілді

    Жағажайды тазалады

    8 months ago
    Қала, көше, тіршілік

    Қала, көше, тіршілік

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>