-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ерлік ұмытылмайды

    07.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Руханият, Спорт
    Ерлік ұмытылмайды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Аралтөбе орта мектебінде Балқаш аудандық білім бөлімі мен бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының ұйытқы болуымен КСРО-ның «Құрмет белгісі» және Қазақстан Республикасының «Құрмет» ордендерімен марапатталған, Қазақстан халықтары ­Ассамблеясының ­«Бірлік» медалінің иегері, аудан­ның ­Құрметті азаматы Бейсетай ­Дәуренбековті еске алуға арналған волейболдан жасөспірімдер арасында турнир өтті.

    Спорттық шараның ашылу салтанатында сөз алған аудандық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Азамат Телтаев 12 баланың өмірін сақтап қалған бейбіт күннің батыры Бейсетай Дәуренбековті еске алып, ерен ерлігін ұрпаққа ұлықтау мақсатында ұйымдастырылып отырған турнир қатысушыларына сәттілік тіледі. Бұдан кейін Аралтөбе орта мектебінің оқушылары асыл азаматтың рухына арнаған өлеңдерін оқып, спортшыларға рухани күш-жігер сыйлайтын патриоттық әндерді орындады.
    Аталған турнирде іріктеліп келген 7 команда жүлделі орындарды еншілеуге барын салды. Допты алақандарында ұршықша иірген жас волейболшылардың өнеріне жиналған жұрт тәнті болды. Ойын көрігін қыздырған спортшылар арасында «Аралтөбе» командасының көшін бастаған Бүркіт Темірболатұлы, Әлімжан Қалдыбек, «Береке» командасының ойыншылары – Аслан Манат, Әбілмансұр Бейбіт және тағы басқа спортшылар жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.
    Тартысты өткен жарысты қорытындылай келгенде, Береке орта мектебінің командасы І орынды жеңіп алса, ақтық сайыста өнер көрсеткен Аралтөбе орта мектебінің ойыншылары ІІ орынды еншіледі. Ал жүлделі ІІІ орынды №1 Жамбыл атындағы орта мектептің командасы місе тұтса, №2 орта мектеп спортшылары Құрмет грамотасымен марапатталды. Жеңімпаз командаларға демеушілер тарапынан ақшалай сыйлықтар ­табысталды.
    Жарысқа қатысқан жас спортшылар қасиетті Балқаш топырағынан жаралған асыл перзенттің ерен ерлігі жайында мол мағлұмат алып, рухани байлыққа бөленіп тарқасты. Шара соңында ас беріліп, марқұмның рухына Құран бағышталды.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Тұрақтылық ең үлкен маңызға ие

    Тұрақтылық ең үлкен маңызға ие

    1 year ago
    Жол қауіпсіздігі: 620 дана белгі орнатылды

    Жол қауіпсіздігі: 620 дана белгі орнатылды

    6 months ago
    Қиналған жұртқа дем берді

    Қиналған жұртқа дем берді

    1 year ago
    Су тасқыны болған аймақтардан 11 306 адам көшірілді

    Су тасқыны болған аймақтардан 11 306 адам көшірілді

    1 year ago
    Қонаевта “Достық” аллеясы ашылды

    Қонаевта “Достық” аллеясы ашылды

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>