-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жабайы саудаға жол жоқ!

    07.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Жабайы саудаға  жол жоқ!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасауды болдырмауға қатысты тапсырмасына сәйкес, Өтеген батыр ауылдық округінде бейберекет сауданы ретке келтіру жұмысы басталды. Бұған дейін де бірнеше рейд жүргізіліп, тіпті, саудагерлерге айыппұл да салынған. Бірақ бұл жұмыс түбегейлі нәтижесін берген жоқ. Рейдтік тексеріске аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, құрылыс және сәулет, жер қатынастары бөлімдері мен полиция басқармасының қызметкерлері қатысты.

    Ашық-шашық сатылатын салат­тар, ешбір сертификаты жоқ сүт өнімдері, жайылған түрлі нандар мен жұмыртқалар. Бұл – әрбір жерде кездесетін көрініс. Иә, жайма базардан керегіңнің бәрін табасың. Бірақ ол адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз емес. Осы үшін де тиісті органдар жабайы сауданың жолын кесуге тырысып бағады. Ондағы мақсат – көпшіліктің арнайы орындарда ғана сауда жасап, тексерістен өткен қауіпсіз өнімдерді тұтынуына мүмкіндік ашу.
    «Саудада береке бар» дейді. Береке іздеп, базар жағалаған ағайынға қарап, кейде сүйсінесің. Бәрі де қолдан келгенше сары бала мен қара қазанның қамы үшін жүр. Шынына келгенде, нарықтық экономика алқымнан алып, өзің сияқтылар тырбаңдап жатқанда, жан-жағыңа бейжай қарап отырудың жөні жоқ. Сауда-саттық жаса, пайда көр. Бірақ бұл сауда базардың аумағында ғана болуы керек. Көше бойына тұра қалып, зат сату – жабайылықпен тең. Десе де, саудагерлер тауарын өткізу үшін тиімді орынды таңдайды. Ол – адамдар көп жүретін жер. Мысалы, Өтеген батыр ауылының орталығы болып саналатын Титов көшесінің бойымен адамдар жиі өтеді. Ентігіп жұмысқа асыққан жанды да, елжіреп немересін ерткен қартты да осы көшеден көресің. Олар орталықтағы базарға баруға енжарлық танытып, көшедегі жабайы саудадан керегін ала салуды оңай көреді. Оның үстіне картоп, пияз, алма сынды күнделікті тұтынатын өнімдер тиімді бағамен жабайы сауда орындарында самсап тұр. Ақшаң бар ма, үйдің іргесінен ала бер. Бірақ олардың ешқайсысы өз тауарының сіздің денсаулығыңызға зиян келтірмейтініне кепілдік бере алмайды. Бұл жағдайға күдікпен қарап, оның заңдылығын тексеріп жатқан ешкім жоқ. Жағдайды түсіндірген кәсіпкерлік бөлімі мамандарының сөзіне құлақ асып жатқан жандар аз. «Жаман айтпай жақсы жоқ» демекші, тамақтан улана қалған жағдайда рұқсат­сыз зат сататын әлгі саудагердің үстінен арыз жазып, сотқа да жүгіне алмайтынын терең түсіне бермейді.
    Рейдтік жұмысты атқарып жүрген аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қуаныш Саттарбай:
    – Аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің тікелей бастамасымен жабайы сауданы ретке келтіру жұмысы қолға алынды. Бұған дейін де бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп келген-ді. Бірақ қанша шара қолдансақ та, саудагерлер заңсыз жерде сауда жасауын тоқтатпайды, – деді.
    Ал осы жайтқа орай жабайы сауда­ның көрігін қыздырып отырған­дардың да айтар өз уәжі бар.
    – Қайбір жетіскеннен көше жағалап, сауда жасап жүрміз дейсің, шырағым? Біздің де бала-шағамыз, төлейтін пәтерақымыз, несиеміз бар. Оның бәріне жетерлік ақша таппасақ та, осыннан түскен азғантай табысымыз күнделікті нанымызды айыруға жетеді. Бізге керегі де осы, – дейді олар.
    Олардың айтуынша, әкімдік қыз­мет­керлері мен полицейлер заңсыз сауда жасағандарға жаза қолданбаса да, ара-тұра тұрған орындарынан қуатын көрінеді. Кейбіріне айыппұл да салған. Алайда олар кетісімен, жылы орынға қайта жайғасады. Сатушылардың көп­шілігі – әйелдер. Олардың барлығы дерлік бала-шағаны асырау қамымен жүр. Таң атқаннан кеш батқанға дейін жазда күнге қақталып, қыста аязға тоңып тұру да оңай емес. Дегенмен, зайырлы мемлекетке лайықталған заң бар. Оның негізінде жабайы сауда жасап, көшенің көркін бұзуға ешкімнің құқығы жоқ.
    Жабайы сауда – заңсыз. Қандай да бір зат, азық-түлік сату үшін кез-келген саудагерге алдымен рұқсат алу керек. Ол үшін аудандық кәсіпкерлік бөліміне барып, кеңес алуға болады. Содан кейін барып, рұқсат етілген жерде сауда жасаса, одан саудагердің табысы кеміп қалмайды. Саудагерлер жаппай тиісті орында сауда жасаса, халық та сол жерден барып керегін алады. Есесіне, біз тұратын мекеннің көркі кіріп, көпшілік мәдениетті сауда жасауға бет бұрады.

    Бағдат ШОЙБАС

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Технократтар тәлімгері

    Технократтар тәлімгері

    4 months ago
    Әйнек көпір әйгілейді әлемге!

    Әйнек көпір әйгілейді әлемге!

    7 months ago
    Барлық алғышарттар жеткілікті

    Барлық алғышарттар жеткілікті

    9 months ago
    Құстар қайтып барады

    Құстар қайтып барады

    4 months ago
    Аймақ дамуына серпін береді

    Аймақ дамуына серпін береді

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>