-13 °c
Qonaev
Thursday, July 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында «WorldSkills – 2023» аймақтық чемпионаты басталды

    04.05.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Өңір тынысы
    Алматы облысында «WorldSkills – 2023» аймақтық чемпионаты басталды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Техникалық және кәсіптік білімнің мәртебесін көтеру, білім алушылар мен жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін жаңғырту және Ұлттық чемпионатқа қатысатын үміткерлерді анықтау мақсатында Алматы облысында «WorldSkills» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты бастау алды.

    Аймақтың чемпионаттың ашылу салтанатында Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова сөз cөйлеп, қатысушы жастарға сәттілік тіледі.

    – WorldSkills» жай ғана байқау емес, бұл үлкен қозғалыс. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары басталған бірегей жоба жұмысшы жастарға берілген орасан зор мүмкіндік. Елімізде ол 2105 жылы белең ала бастады. Бүгінде аталмын чемпионат өзіндік өрнегін салды, оған ерекше мән беріліп келеді. Жыл сайын жас дарындарға даңғыл жол ашқан жобаға қатысушы бүгінгі талапкерлерге тек жеңіс тілеймін. Шын жүйрік өз бағасын алады деп сенемін,- деді Гүлсара Тастандықызы. Облыстағы бес бірдей колледжде өтетін бұл чемпионатқа 19 колледжден 23 компетенция бойынша 64 студент қатысады.

    Білімгерлер «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Шанақ жұмыстары», «Дәнекерлеу технологиясы», «Кірпіш қалау», «Сырлау және сәндік жұмыстар», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Плиткамен қаптау», «Ағаш өңдеу жұмыстары», «Электромонтаж жұмыстары», «Веб-технологиялар», «Графикалық дизайн», «Аспаз ісі», «Сән технологиясы», «Шаштараз өнері», «Кіші сыныптарда оқыту», «Дене шынықтыру және спорт», «Мектепке дейінгі тәрбие және дайындық» құзіреттіліктері бойынша сынға түседі. Бәсеке үш күнге созылмақ.

    «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының вице-Президенті Нұржан Садықовтың айтуынша, «WorldSkills» чемпионаты бұл жастардың еңбек жолындағы алғашқы қадамы болайын деп тұр.

    «Бұл чемпионат еңбек жастарының өзін-өзі жетілдіруіне көп септігін тигізеді. Студенттер мамандықтарына қарай берілген тапсырманы уақытында орындауы тиіс. Сарапшылар өздерінің бағаларын арнайы талаптарға қарап береді. Басты көңіл бөлетін нәрсе – сапа. Жұмыс тиянақты әрі жүйелі жасалуы тиіс. Бұл жастарымыздың болашақтағы еңбек жолына деген алғашқы қадамдары болмақ. Мұндағы сарапшылардың көзіне түссе жұмыс орны дайын деп есептеуге болады»,- деді Нұржан Садықов.

    Студенттердің кәсіби шеберлігін бағалау үшін сарапшылар «KHAMA PARK” мейрамханасы, «AN» ЖК, «Нур-Техресурс» ЖШС, Талғар аудандық электр желілерінің АЖК кабельдік желілеріне қызмет көрсету және жөндеу шебері, «Bugin Holding» ЖШС «DosPrintServis» ЖК, «CrownStar» ЖШС Казахстан қонақ үйі, «BALYM» ЖК, «АЛЬФА-МОТОРС» ЖШС, «HEASHOP» кәсіпорындары мен Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп және «Айжан» бөбекжай балабақшасының мамандары тартылған.

    Аймақтан озып шыққан қатысушы республикалық жарыста бақ сынайды. Республикада топ жарғандар халықаралық «WorldSkills» чемпионатына жолдама ала алады.

    Tags: WorldSkills - 2023

    Ұсынымдар

    Алматы облысында балық аулау маусымында 2 адам көз жұмған

    Алматы облысында балық аулау маусымында 2 адам көз жұмған

    2 years ago
    Ана мен баланы қорғау – парыз

    Ана мен баланы қорғау – парыз

    1 year ago
    Қаламгермен кездесті

    Қаламгермен кездесті

    1 year ago
    Абай облысындағы өрт оқшауланды

    Абай облысындағы өрт оқшауланды

    2 years ago
    Айбынды күшке айналды

    Айбынды күшке айналды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>