Перейти к содержимому
Главная страница » Үздік ұжым

Үздік ұжым

     Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мен  «Тіл»  оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Оқыту орталықтарының жұмысын жүйелендіру» байқауы аясында жыл үздіктерін марапаттау шарасы өтті.

Жиынға 9 аудан мен 1 ауылдық округ филиалының өкілдері қатысты. Шарада «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Ұйғыр аудандық филиалының меңгерушісі ­Әйгерім Сейілқанқызына «Үздік ұжым»  номинациясы мен сертификат табыс етілді. Аталмыш ұжым Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін марапатқа лайық деп танылған.
2008  жылы ашылған «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының  Ұйғыр аудандық филиалын  былтырғы наурыз айынан бері Әйгерім Арымбек басқарады. Мекеме аудан тұрындарының тілдерді меңгеруі бағытында жұмыс істеп келеді. Орталықта ұлт  өкілдері үшін мемлекеттік тіл – қазақ тілі, кез келген ұлт өкілдері үшін ағылшын тілі мен іс жүргізу курстары тегін  оқытылады.

Перизат Сембекқызы,
«Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Ұйғыр аудандық филиалының
мемлекеттік тіл курсының оқытушысы