-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Шешімін күткен мәселе көп

    26.12.2024
    in Ауыл тынысы, Барлық жаңалықтар
    Шешімін күткен мәселе көп
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         VIIІ сайланған Кеген аудандық мәслихатының 2024 жылы атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы ауыл халқы алдындағы есеп беру жиыны Тасашы ауылдық Мәдениет үйінде өтті. Оған аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғыман және ауыл тұрғындары қатысты.

    Жиынды Тасашы ауылдық округінің әкімі Ерболат Төребаев ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғыманның есебі тыңдалды.
    – Кеген аудандық мәслихатының құрамында 11 депутат бар. Жергілікті мемлекеттік басқару институты ретінде мәслихаттар 1994 жылы құрылды. Биыл Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай аудан көлемінде ауқымды шара өткізілді. Кеген ауданының 2024-2026 жыл­дарға арналған бюджеті 8 млрд 689 млн теңге болса, ауылдық округтердің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті 886 млн 717 мың теңгені құрады. Есепті мерзім ішінде аудан бюджетін қалыптастыру жұмысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі талаптарына сай жүргізіліп, оны бекіту, өзгерістер енгізу туралы мәселелері 6 рет сессияда қаралды. Депутат жұмысының негізі – депутаттық сауал. 2024 жылы 51 депутаттық сауал тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, жауабы алынды. Кейбір жайттар оң шешімін тапқан болса, ауызсу, жер (шабындық, жайылымдық, егістік), көшелердің ағымдағы, күрделі жөндеу жұмысы, түнгі жарығы, жұмысқа орналас­тыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету туралы мәселелер заң аясында қабылдауда болған азаматтарға түсіндірілді, – дей келе, мәслихаттың жыл бойына атқарған жұмысына тоқталды.
    Жиын барысында ауыл тұрғыны Нұрқас Ысқақов ауызсу мәселесін тілге тиек етті. Ауылда су құбырларының тозығы әбден жеткенін, соның салдары­нан қақаған аязда бір апта сусыз қалған­дарын алға тартты.
    Тасашы орта мектебінің күрделі жөн­деу жұмыстарының олқы тұс­тар­ын жіпке тізген ауылдық ақсақал­дар алқасының төрағасы Рамазан Мырзағалиев мәслихат төрағасына халық аты­нан өтініш біл­діріп, білім ошағы­­ның құрылысын назарға алуын ұсынды.
    Жиынды қорытындылаған ауыл әкімі Ерболат Төребаев Тасашы ауылы мен Сарыкөл елдімекені арасындағы сегіз шақырымдық жол күрделі жөн­деу­ді қажет ететінін, Сарыкөлдегі ауызсу құбыры да 2017 жылы салынып, аяқсыз қалғанын алға тартып, мәслихат төрағасына: «Осы қордаланған мәселе­лерді шешуге атсалыссаңыз», – деген өтінішін жеткізді.
    Өз кезегінде Алмасбек Нұғыман есеп беру жиынында айтылған ұсыныс-пікірлер ескеріліп, тиісті орынға жол­дана­тынын және оның орындалуы қадағаланатынын айта кетті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ — АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ ОРТАЛЫҒЫ

    ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ — АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ ОРТАЛЫҒЫ

    2 years ago
    Сән әлеміндегі жаңа серпін

    Сән әлеміндегі жаңа серпін

    1 month ago
    Спортшылар спартакиадасы аяқталды

    Спортшылар спартакиадасы аяқталды

    4 months ago
    Қазақстан тауларында жаңбырдан сел жүруі мүмкін — “Қазгидромет”

    Қазақстан тауларында жаңбырдан сел жүруі мүмкін — “Қазгидромет”

    1 year ago
    Отбасы орталығы ашылды

    Отбасы орталығы ашылды

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.