-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

    13.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Жақында Мәскеуде «Солдат тағдыры: архивтік зерттеулер теориясы мен практикасы» атты халықаралық конференция аяқталды, оған «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің волонтері Руслан Растенов қатысты.

    Конференцияның мақсаты — Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен солдаттардың аты-жөнін анықтау, олардың есімдерін мәңгі есте сақтау. Бұл шараға Ресей, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 150-ден астам адам жиналды.

    Халықаралық конференцияның ашылу салтанатында Ресейдің Іздестіру қозғалысының жауапты хатшысы Елена Цунаева былай деді: «Солдат тағдыры» конференциясы осымен сегізінші рет өткізіліп отыр. Бұл бірегей формат, ол кәсіби тарихшыларды, өлкетанушыларды, архивистерді және біздің Іздестіру қозғалысының белсенділерін біріктіреді. Бұл өте құнды ресурс, себебі олардың жұмысы нәтижесі кейде ұрыс даласындағы қазба жқмыстары сияқты хабар-ошарсыз кеткендердің мәртебесін қаза тапқандардың мәртебесіне өзгертуге мүмкіндік береді және туыстарына жерлеу орнын нақтылауға көмектеседі».

    «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің волонтері Руслан Растенов Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бесқоныс ауылы, №2 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол конференцияда «Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымының соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен солдаттардың туыстарын іздеу бойынша атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.

    Қорытынды пленарлық мәжілісте оған Смоленск облысының іздеушілері Қазақстанның Қарағанды облысының тумасы Айдосов Әкімжан есімді жауынгердің зиратынан алынған бір уыс топырақты және оның туыстарына қатысты мәліметтерді табыс етті. Соғыс жылдары және соғыстан кейін де ол хабар-ошарсыз жоғалған деп есептеліп келген еді. Енді, міне тағы бір солдат іздеушілердің арқасында отбасына оралды!

    Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлердің жерленген орындарын анықтау және олардың есімдерін мәңгі есте сақтау бойынша жүйелі архивтік және іздеу жұмыстарын бес жылдан бері «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі жүргізіп келеді.

    «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Молдағалиевтің мәліметі бойынша, 2019 жылдан бері олардың ресми сайтына 9 мыңнан астам өтініш түскен. 4000-нан астам қазақстандық жауынгердің жерленген орны мен жеке тұлғалары анықталды. Биыл ғана 3 қазақстандық жауынгердің сүйектері (барлығы 19) әскери-тасымал ұшағымен отанына жеткізіліп, әскери құрметпен жерленді.

    «Atamnyn Amanaty» миссиясы — бұл тарихи жадыны сақтау арқылы, ұрпақтар сабақтастығы негізінде жастарға рухани-адамгершілік және әскери-патриоттық тәрбие беру, осы бағытта мемлекетке қолдау көрсету.

    Атап айтқанда, «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі жаңа 2025 жылға мынадай жобаларды әзірледі:

    1. Қазақстаннан шақырылған және Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан солдаттар мен офицерлер туралы электрондық дерекқор құру. Ұлттық платформа нақты ақпаратты сақтап, олардың есімдерін ұрпақтарға жеткізіп, олардың үлестерін мойындауды қамтамасыз етеді.

    2. Халықаралық әскери-тарихи экспедиция «Батыс Қазақстан – Сталинград шайқасының алдыңғы шебі». Мақсат — соғыста қаза тапқан солдаттардың және бейбіт тұрғындардың сүйектерін көтеріп, есімдерін қалпына келтіріп, ескерткіштер орнату. Бөкейорда ауданында зерттеу мен мәңгі есте сақтау қажет 40-50 бауырлас қабір бар.

    3. Соғыс жылдары Қазақстан аумағында эвакуациялық госпитальдардың тарихын зерттеу, госпитальдарға жерленген орындарды анықтау, оларды абаттандыру және естелік тақтайшаларын орнату. Соғыс жылдары Қазақстанда шамамен 150 000 жаралы емделді, олардың көпшілігі қаза тауып, жергілікті зираттарға жерленді.

    4. Еуропада қаза тапқан қазақстандық солдаттарды іздеу. Қолда бар деректерге сәйкес, 2,2 миллионнан астам қызыл әскерлер, оның ішінде қазақстандықтар да бар, белгісіз жауынгерлер ретінде жерленген. Бұл жоба олардың есімдерін қалпына келтіріп, Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесін халықаралық деңгейде мойындауға көмектеседі.

    «Atamnyn Amanaty» бастамаларының депутаттар тарапынан қолдау тапқаны қуантады. Мысалы, 2024 жылдың 19 желтоқсанында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нурия Ниязова ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдады, онда жоғарыда аталған барлық жобалар айтылған.

    Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайда «Қазақстан әрқашан тарихи шындықтың және адамзат жылнамасындағы ең қанды қасап туралы шынайы көзқарастың сақталғанын қалайды. Келесі жылы әлемде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен атап өтіледі, – деген еді. Жеңістің 80 жылдығының маңыздылығын және Президенттің тарихи жадыны сақтау жөніндегі тапсырмаларын ескере отырып, Үкімет «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің бастамаларын қолдап, олардың жүзеге асырылуына көмек көрсетеді деген үміттеміз.

    «Atamnyn Amanaty» ҚБ Баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Волейболдан Қонаев әкімінің кубогі сарапқа салынды

    Волейболдан Қонаев әкімінің кубогі сарапқа салынды

    6 months ago
    Жеңіс тұғырында

    Жеңіс тұғырында

    10 months ago
    Ауыл шаруашылығы министрі ауысты

    Ауыл шаруашылығы министрі ауысты

    2 years ago

    Ішкі туризм иірімдері

    2 years ago
    Қонаевта 104 жастағы әжей таңдауын білдірді

    Қонаевта 104 жастағы әжей таңдауын білдірді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>