-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шекарашылар жағдайымен танысты

    14.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Партия
    Шекарашылар жағдайымен танысты
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

           ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков өңірлерге жасаған сапары аясында ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасында болды.

    Халық қалаулысын күтіп алған департамент бастығы, полковник Әлібек Каюпов мәртебелі қонақты арнайы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобының жұмысымен таныстырды. Ел шебінде күрделі тапсырмаларды орындау үшін жасақталған топтың заманауи үлгідегі киімдері қару-жарақтары да депутаттың назарынан тыс қалған жоқ. Әрі қарай депутат Олжас Құспеков техникалық және кәсіби даярлық бөлімінің казармасы мен оқу-өндірістік зертханасын аралап көрді. Департамент бастығы депутатқа Шекара қызметінің бөлімшелеріне қажет мамандық түрлерін ­даяр­лау кезінде кездесетін өзекті мәселелерді жеткізді.
    Кездесу барысында шекара басқармасының жылу қазандығын қайта жаңғырту мәселесін шешу жолдары, шекара аумағын сумен қамту және кәріз жүйесіне қатысты мәселелер айтылды. Сондай-ақ өздерінің Отан алдындағы азаматтық борышын туған елінің шекарасында өтеген мерзімді қызметтің сарбаздарын әскерден кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі де көтерілді. Осы жерде айту керек, департаментке қарасты шекара басқармаларының оқу базасында жас жауынгерлер курсынан өткен сарбаздарға мұнда мамандық алғанын айғақтайтын сертификат беріледі. Алайда бұл құжат сарбаз әскерден оралған бетте өзінің күшін жоғалтады екен. Департамент бастығы полковник Әлібек Каюпов депутатпен осы мәселені талқылады.
    – Мемлекет әскери қызметшілердің қызметін жақсарту үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тиіс. Заманауи үлгідегі техникалармен қамтамасыз етумен бірге тұрмыстық мәселелер де назардан тыс қалмауы қажет, – деді Олжас Құспеков.
    Шіліңгір шілде мен қақаған қаңтарда шекарамыздың тыныштығын күзетіп жүрген шекарашылардың әсіресе әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы сын көтермейтінін осыған дейін де депутаттар айтып, дабыл қаққан болатын.

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
    ҚР ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Жазушылар одағына жаңа тыныс керек!

    Жазушылар одағына жаңа тыныс керек!

    2 years ago
    Қазақстанда 25 мыңнан астам агроқұрылым мақта шаруашылығымен айналысады

    Қазақстанда 25 мыңнан астам агроқұрылым мақта шаруашылығымен айналысады

    4 weeks ago
    Сала жетістіктері сараланды

    Сала жетістіктері сараланды

    6 months ago
    Жаңа жобаларға жол ашқан

    Жаңа жобаларға жол ашқан

    8 months ago
    Балалар қауіпсіздігі басты назарда

    Балалар қауіпсіздігі басты назарда

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.