-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз кірпіш зауыттары сүріле бастады

    11.05.2023
    in Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Құқық-заң, Өңір тынысы, Экономика
    Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз кірпіш зауыттары сүріле бастады
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Еңбекшіқазақ ауданындағы Қайназар ауылының тұрғындары жергілікті кірпіш зауыттарының жұмысына шағымданып жүргеніне біраз жыл болды. Тұрғындар содан бері аллергия және басқа да қауіпті сырқаттарға шалдыға бастағанын айтқан еді. Енді міне, тұрғындардың талап-тілегі ескерілген күн де келіп жетті.

    Алматы облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау басқармасы (бұдан әрі – МСҚҚБ) заңсыз салынған кірпіш зауытын тексеруге кірісті. Тексеру шаралары облыс бойынша жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде Қарасай ауданында осындай зауыттардың бірі сүрілді.

    МСҚҚБ мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа Қайназар ауылындағы кірпіш зауытын сүру туралы кезекті талап арыз түсірген. Сот басқарманың талап арызын қанағаттандырып, “Қайнар” ЖШС-ны рұқсатсыз салған зауытын сүруге міндеттеген.

    Соттың заңсыз кірпіш зауытын сүру туралы шешімінің орындалғанын тексермекке 11 мамырда МСҚҚБ-ның бөлім жетекшісі, Алматы облыстық Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданаралық территориялық бөлімінің аға сот орындаушысы Сабина Қалиева, сот орындаушы Айгерім Тузилова мен БАҚ өкілдері Қайназар ауылына барды. Зауыт иесі Абдул Супиевтің айтуынша, кәсіпорын кірпіш шығару жұмыстарын тоқтатып, зауытты сүруге кіріскен.

    Айта кетерлік жайт, бұл зауыт Қайназарда заңды бұза отырып, нақты айтқанда жоба-сметалық құжаттарын жасамай, авторлық және техникалық қадағалаусыз және уәкілетті органды құрылыс жұмыстарын бастағаны туралы ескертпей жұмыс істеп отырған жалғыз зауыт емес. МСҚҚБ хабарлауынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады және алдағы уақытта тағы бір зауыт сүрілмек.

    Tags: заңсыз құрылыскірпіш зауыты

    Ұсынымдар

    Жауапкершілік жүгін арқалаған

    Жауапкершілік жүгін арқалаған

    2 months ago
    Чемпион өз таңдауын жасады

    Чемпион өз таңдауын жасады

    11 months ago
    ЕЛ ЕРКЕСІН ЕСКЕ АЛДЫ

    ЕЛ ЕРКЕСІН ЕСКЕ АЛДЫ

    6 months ago
    Серпіліс сыйлады

    Көше атауы кезең-кезеңімен өзгереді

    2 months ago
    Ауылды дамытуға жол ашады

    Ауылды дамытуға жол ашады

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>