-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кәсіпкерлер палатасында жаңа құрам сайланады

    25.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Сайлау
    Кәсіпкерлер палатасында жаңа құрам сайланады
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Өткен жылдың желтоқсанынан биылғы ақпан айына дейін еліміздің барлық өңірінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңестеріне сайлау өткізіледі. Бұл кеңестердің маңызы мен миссиясы, дауыс беру қалай өтетіні туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының салалық даму және жобаларды сүйемелдеу бөлімінің жетекшісі, Қарасай аудандық мәслихатының депутаты Елена Константиновадан сұраған едік.

    Оның айтуынша, кандидаттардан құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 30 желтоқсанында аяқталған. Олардың қатарында  салалық және аудандық кеңестердің мүшелері бар. Әрбір салалық кеңестен бір немесе екі кандидат ұсынылмақшы. Қарасай ауданы бойынша «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Василий Тен мен «Atlant Media» ЖШС директоры Атлана Исаева үміткерлер қатарында. Екеуі де Қарасай аудандық мәслихатының депутаттары. Сонымен қатар, аймақтық кеңеске аккредиттелген қауымдастықтардан бір-бір кандидат сайланады.

    Елена Владимировна атап өткендей, облыстық кәсіпкерлер палатасында тоғыз салалық кеңес жұмыс істейді, олардың әрқайсысы өз бағытындағы кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайды және саны дәл осындай аудандық кеңестер жұмыс істейді. Әрбір салалық кеңес кемінде 13 мүшеден тұрады. Олардың басты міндеті – жергілікті атқарушы органдармен тиімді өзара іс-қимыл жасау, бизнестің құқықтарын қорғау және басқа да мәселелерді шешу. Әдетте, олардың құрамында бастамашыл және әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер болады.

    – Аймақтық кеңес – бұл кәсіпкерлер палатасы жанындағы бақылаушы орган, – деп түсіндірді Елена Владимировна. – Ол төрт жылға сайланады. Оның мүшелері палатаның жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысады, басшылардың есептерін тыңдайды, кәсіпкерлердің республикалық деңгейдегі мәселелерін шешу ұсыныстарын қабылдайды. Бұл түптеп келгенде әр аймақтың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеруге көмектеседі.

    Ол сондай-ақ, кандидаттарды тікелей дауыс беру арқылы таңдайтынын, оған аудандық, салалық кеңестердің мүшелері болып табылатын кәсіпкерлер қатыса алатынын айтты. Сайлау науқанын өткізу процесін арнайы құрылған аймақтық сайлау комиссиясы бақылап отырады.

    Елена Владимировнаның пікірінше, кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңестерін сайлау арқылы бизнесті жақсарту көзделуде. Бұл аймақтық деңгейдегі тиімді жұмысты қамтамасыз етіп қана қоймай, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейтеді.

    Қуат Қайранбаев,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Үшауысымды мектеп мәселесін жою – басты назарда

    Облыста 4 индустриялық аймақ құрылып жатыр

    1 year ago
    Қайтсек оқырман қатары көбейеді?

    Қайтсек оқырман қатары көбейеді?

    1 month ago
    Қонаев қаласында “Арена” драмасы сахналанды

    Қонаев қаласында “Арена” драмасы сахналанды

    1 year ago
    БІР ҒИМАРАТТА – ЕКІ КОМИССИЯ

    БІР ҒИМАРАТТА – ЕКІ КОМИССИЯ

    7 months ago
    Шекарашылар шеберлігін шыңдады

    Шекарашылар шеберлігін шыңдады

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.