-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шаңғымен сырғанады

    27.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Шаңғымен сырғанады
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Кеген ауданында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл сайын «Денсаулық фестивалі» өткізіледі. Қысқы спорт мерекесі биыл Тасашы ауылының тұмса табиғаты аясында жалғасын тапты. Аудан әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған дәстүрлі шараға 500-ден астам аудан тұрғыны мен мемлекеттік қызметкер қатысты.

    Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков жиналған көпшілікті салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуға шақырып, ізгі тілектерін жеткізді.

    – Бүгінгі жарысқа қатысып жатқан әр ауылдық округ командаларына, мекемелерге сәттілік тілеймін! Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ауыл тұрғындарының салауатты өмір сүру салтын ұстануына ерекше көңіл бөліп келеді. Ауданда спорттық үйірмелердің ашылып жатқаны соның бір дәлелі, – дей келе, шаңғы жарысының шеберлеріне сәттілік тіледі. Спорттық шараның өтуіне атсалысқан ауыл әкімі Ерболат Төребаев, Қарқара ауылдық округінің Тасашы ауылының әкімі Ернұр Сабырбеков, ұстаздар Қымбат Қамбарбекова мен Гаухар Әуезханованы Алғыс хаттармен марапаттады.

    Райымбек ауданының Құрметті азаматы, ардагер-ұстаз Жеңіс Әбілұлы қатысушыларға ақ батасын берді. Бас төреші Гайдар Мұқанқожаев жарыстың ережесімен таныстырды.

    «Денсаулық фестивалінің» негізгі бәсекесі – шаңғы жарысы. Осы спорт түрімен айналысатын әуесқойлар Майтөбе тауының сағасында сынға түсті. Сайыс жас ерекшелігі бойынша ерлер мен әйелдер арасында өткізілді.  Олар 1 км және 3 км қашықтықта сырғанады. Бұдан басқа арқан тарту, бұқа тартыс, қол күрес, тас көтеру сайыстары бойынша өзара мықтыны анықтады.

    Бәсі биік бәсекеде жалпы командалық есепте І орынды Кеген ауылдық округінің командасы жеңіп алса, ІІ орынды аудандық аурухананың қызметкерлері иеленді, ал ІІІ орын Қарқара ауылдық округіне бұйырды.

    Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін аудан әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков құттықтап, аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының дипломдары мен медальдарын табыстап, бағалы сыйлықтар тарту етті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Радиофобиядан арылу қажет

    Радиофобиядан арылу қажет

    2 years ago
    Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару: Алматы облысында 345,1 мың гектар жер «қайтарымға»  дайын

    Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару: Алматы облысында 345,1 мың гектар жер «қайтарымға» дайын

    8 months ago
    Олқылықтардың орнын толтыру қажет

    Олқылықтардың орнын толтыру қажет

    6 months ago
    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    2 years ago
    Алматы облысының зілтемір үздіктері анықталды

    Алматы облысының зілтемір үздіктері анықталды

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>