-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Арманы асқақ

    30.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Арманы асқақ
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

          Түрлі тарихи жағдайға орай төрткүл дүниенің бұрыш-бұрышына тарыдай шашырап, әлемнің 40-тан аса елінде тұрып жатқан қандастарымыздың саны кейбір деректер бойынша 7 миллионнан асып жығылады. Ресми мәліметке сүйенсек, тәуелсіздік жылдарында атажұртқа 1 млн 150 мыңдай ағайын оралған.

    Солардың бірі – Қытай Халық Республикасының Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданы, Алтай өлкесінің Бөрші ауданынан 2005 жылы көшіп келген қандасымыз Жайна Қабиден. Дәрігерлер отбасында дүниеге келген ол шығармашылық мамандық иесі болуды қалап, ата-анасының жолын қумапты. Атажұртқа көшудегі басты мақсаты – тарихи Отанында өз кәсібін ашып өркендету, осы жерге әбден орнығып, қолынан келгенше еліне пайдасын тигізу.
    – Туған еліміз бізді үлкен құрмет, қуанышпен құшақ жая қарсы алды. Біз мемлекет, жергілікті билік, қарапайым отандастарымыздың жылы сөзін, туысқандық қамқорлығын, жан-жақты қолдауын айқын сезіндік. Келген жылы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсіп, бір жылдан соң Қазақ мемлекеттік құрылыс және сәулет академиясының дизайн факультетіне ауыстым. Оны бітірген соң, мамандығым бойынша әрі қарай да оқу үшін Қытай еліне қайтып бардым. Ол жақта білімімді толықтырғаннан кейін компьютерлік дизайн бойынша маманданған ірі сауда компаниясында 5 жыл жұмыс істеп, әбден тәжірибе жинадым. Сөйтіп, Қазақстанға қайта оралдым.
    Өз кәсібімді ашып, ойға алған мақсатымның орындалуына жеке кәсіпкерлікпен айналысып, табысты жұмыс жүргізіп жатқан екі ағам көп көмек берді, – дейді Жайна. – Негізінде мен тігіншілікті үй жағдайында қыздардың ұзату тойына арналған көйлектер тігуден бастадым. 2020 жылы әлемді жайлаған пандемиядан соң атам мен енем, ағаларымның көмегімен тігін шеберханасын аштым. Қазір сол кәсіпорында тендер ұтып алып, арнайы жұмыс киімдерін, сондай-ақ қазақтың ұлттық киімдерін, сахнаға арналған киім түрлерін тігеміз.
    Біздің цех тек тігін шеберханасы емес, сонымен бірге тігіншілер даяр­лайтын шағын орталық іспетті. Қазіргі кезде біздің сондай орталықтарымыз Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында бар. Бірақ өзімізге тиісті ғимарат тек Қаскелеңде ғана, қалған екеуіндегі цехтарды жалға алып отырмыз. «Асыл арман» шағын- ауданындағы цехта 30 тігінші, Есік қаласында 40 адам жұмыс істейді. Талғар қаласындағы цехта заманауи тігін машиналары және жабдықтар орнатылған. Бұл жерде 14 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ отбасы жағдайына байланысты үйінде отырып тігетін бірнеше тігіншіміз бар. Жалпы біз 90 адамды жұмыспен қамтып отырмыз, – дейді сыны мен сымбатына өзгелерге үлгі боларлық ісі жарасқан кәсіпкер.
    «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегендей, Жайна әлемдегі барша қазақтың жалғыз да ортақ, киелі де қасиетті Отаны саналатын өз еліне келіп, кәсіп ашқанына, арманына жеткеніне өте қуанады. Өз отбасы, жергілікті билік, жалпы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мен қамқорлықтың, тынымсыз іздену мен тыңғылықты жұмысының арқасында бас-аяғы бірнеше жылдың ішінде ол тігін тігу өндірісінде табысты кәсіпкер атанды. Мұны облыстық кәсіпкерлер палатасы да лайықты бағалап, дайын өнімдер байқауында 1-орынды алғаны үшін Алғыс хатпен марапаттады.
    Адамның арманы бітпейтіні ақиқат. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» дегендей, біреуі орындалса, одан кейінгісі дайын тұрады. Ол заңды да, онсыз даму, алға ілгерілеу, жұмыстың, тұрмыстың жақсаруы болмайды.
    – Менің ендігі мақсатым – Қазақ­станның түкпір-түкпірінен көпбалалы және жалғызбасты аналарды тігін­шілікке үйрету. Ол үшін болашақ тігіншілер оқитын үлкен оқу орталы­ғын ашуды жоспарлап жүрмін. Егер мемлекет қолдау көрсетсе, оларды тегін оқытып, табысты тігінші болулары үшін бұл өнердің қыр-сырын үйреткім келеді. Сөйтіп, әйгілі Әйтеке би бабамыздың: «Бай болсаң – халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң – жауыңа найзаң тисін!» – дегеніндей, еліме, халқыма қолдан келер пайдамды тигізсем деймін.
    Мен қазақтың қызы екенімді мақтан тұтамын. Құшақ жая қарсы алып, біздің орнығып кетуімізге, кәсіп ашуға мол мүмкіндік жасап, қолдау көрсетіп жатқан туған еліміздің қамқорлығына ерекше сүйсінемін. Туған елдей ел болмайтынын біз өз мысалымызда көріп отырмыз. Тәуелсіз еліміз үшін біз әлі көп нәрсе істеуіміз, оның гүлденуіне өз үлесімізді қосуымыз керек, – дейді әр сөзінен отаншылдық сезім, асыл мұрат аңғарылып тұрған Жайна Қабиден.
    Шынында да қазақтың әрбір ұл-қызы осылай ойлап, нақты мақсат қойып, табысты еңбек ететін болса, бүкіл еліміз жайнап, жаңғырып кетуіне қосылған үлкен үлес болар еді.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Қамданған қапы қалмайды

    Елімізде су тасқыны кезеңіне дайындық басталды

    4 months ago
    Мәжіліс депутаты мектеп мұғалімдерімен кездесті

    Мәжіліс депутаты мектеп мұғалімдерімен кездесті

    2 years ago
    Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің жиыны өтті

    Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің жиыны өтті

    2 years ago
    Кәсіпкерлік қарқын алды

    Кәсіпкерлік қарқын алды

    3 months ago
    «JasREPUBLIC CUP» пікірсайыс турнирінің аймақтық кезеңі өтті

    «JasREPUBLIC CUP» пікірсайыс турнирінің аймақтық кезеңі өтті

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.