-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Дәстүрлі доп додасы

    30.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Дәстүрлі доп додасы
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Футзалдан ересектер мен жастар арасында облыстық «QONAEV LIGA» турнирінің қорытындысы шығарылды. Жарыстар 2024 жылдың 30 қарашасы мен 2025 жылдың 28 қаңтары аралығында әрбір сенбі және жексенбі күндері өткізіліп отырды.

    Доп додасында 14 команда бақ сынады. Қатысушылардың жас санаты 16 жастан басталды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, банктер мен күштік құрылым қызметкерлері және студенттер болды.
    Турнирдің бас төрешісі Қайсар Қиса: «Спорттың жасампаздық қуаты зор. Міне, осы жолы да шағын футболдан өткізілген сайыс тұтас облысымыздың түрлі мекемелері мен ұйымдары қызметкерлерінің бастарын біріктірді. Ал бұл өз кезегінде ұжымдардағы корпоративтік және бәсекелестік рухты дамыту мен нығайтуға көп көмек береді. Турнирдің деңгейі көтеріліп келеді, соған орай келесі жылы қатысушылардың да саны артады деген сенімдеміз. Ойын өте тартысты өтті, ешкімнің де жеңісті қолдан бергісі келмеді», – деп атап көрсетті.
    Ойындар FIFA форматында, футзал жөнінде бекітілген халықаралық ережелерге сәйкес өткізілді. Ол бойынша команда қақпашыны қосқанда бес адамнан тұрады. Іріктеу сатысы, сондай-ақ жартылай финалдық және финалдық ойындар он бес минуттық екі тайм үлгісінде ұйымдастырылды. Жарыста облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің өкілдері белсенділік танытты. Турнир бойына жеңіліссіз ойын көрсеткен олар бірінші орынды жеңіп алды.
    Футбол жөніндегі облыстық мамандандырылған спорт мектебі командасының ойыншысы Азамат Шедімбай: «Біздің командамызда өзара түсіністік пен достық қалыптасқан. Мүмкін осының және жарыстарға екпінді қарқынмен дайындалғанымыздың арқасында біз үздіктер сапына іліктік. Барлық матчты жеңіліссіз ойнауға тырыстық. Бірақ бұл қатысушы өзге командалар әлсіз болды дегеніміз емес, керісінше, олар лайықты қарсылық көрсетті. Әсіресе «БанкЦентрКредит» атынан келген команда мықты қарсылас болып шықты. Олармен финалдық ойында кездескенімізде көп тер төгуімізге тура келді. Сайысты ұйымдастырған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына, дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі облыстық орталық пен футзал және шағын футбол жөніндегі облыстық федерацияға көп рақмет!» – деп өз әсерін ортаға салды.
    Аталған турнирде «БанкЦентрКредит» ойыншылары ІІ орынды иеленді. Жүлдегерлер үштігінде «Достар» ұйымшыл командасы аталды.
    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, сәйкес дәрежедегі дипломдармен, сондай-ақ ақшалай сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» деген лайықты сыйлықтар да өз иесін тапты.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    «Сафи тәттілері»  тіл үйіреді

    «Сафи тәттілері» тіл үйіреді

    2 months ago
    Атом – ең жоғары энергия көзі

    Атом – ең жоғары энергия көзі

    8 months ago
    Уақыт жебесі

    Уақыт жебесі

    11 months ago
    Қонаевта 42 ауқымды инвестжоба жүзеге асады

    Қонаевта 42 ауқымды инвестжоба жүзеге асады

    2 months ago
    Алатаудың алмасы “ауырып” тұр

    Алатаудың алмасы “ауырып” тұр

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.