-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мергендер сайысы

    01.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Мергендер сайысы
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

          Қонаевтағы Ахмет Жұбанов атындағы №5 орта мектепте Кеңес одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай қыздар арасында пневматикалық мылтықпен нысананы көздеп атудан сайыс өтті. Мақсаты – батырдың ерлігін насихаттау және өскелең ұрпақты қазақстан­дық патриотизм рухында тәрбиелеу. Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа қаладағы мектептерден 14-17 жас аралығындағы оқушы қыздар сынға түсті.

    Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Қонаев қалалық қорғаныс істері басқармасының бастығы Қанат Жексембаев сөз алып, өткізіліп отырған сайыстың маңыздылығын атап өтіп, жоғары деңгейде ұйымдастырған қалалық білім бөліміне алғыс білдірді. Одан кейін облыстық «Жас сарбаз» қозғалысының төрағасы Нұрқанат Нұрсерікұлы, Ауған соғысының ардагері Владимир Щербак, ҚР Қарулы Күштері ардагерлері қоғамының төрағасы Бекзат Махатов Екінші дүниежүзілік соғыс жайлы сөз қозғап, Әлия Нұрмұхамедқызының өмір жолы мен ерлігіне тоқтала келе, қатысушыларға сәттілік тіледі.
    Бас төреші Мұхит Рахматуллаұлы жарыс ережесімен таныстырғаннан кейін әр командадағы 4 қыз өз кезегі бойынша 10 метр қашықтықтағы нысананы дәл көздеуге тырысты. Олар пневматикалық мылтықпен шынтағын тіреп және тік тұрып 5 оқтан атып, мейлінше көбірек ұпай иеленуге күш салды.
    Мерген қыздар бақ сынаған сайыс қорытындысында шынтағын тіреп ату бойынша №3 орта мектептің намысын қорғаған Аружан Әділжан І орынды жеңіп алды. Түрегеліп тұрып атудан І орынды Қадырғали Жалайыр атындағы №6 орта мектептің атынан қатысқан Жанерке Ербол еншіледі. Жалпыкомандалық есепте №3 орта мектептің командасы І орынға ие болса, ІІ орынды Қонаев қалалық орта мектеп-гимназиясы иеленді. Үздік үштікті Шеңгелді ауылындағы Қадырғали Жалайыр атындағы №6 орта мектептің командасы түйіндеді.
    Жүлдегерлерге кубок, диплом мен медальдар табысталды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Бірыңғай уақыт белдеуі қай жағынан тиімді?

    Бірыңғай уақыт белдеуі қай жағынан тиімді?

    1 year ago
    Қазақтың келіндері-ай!

    Қазақтың келіндері-ай!

    5 months ago
    Үкіметте қоқыс мәселесі қаралды

    Үкіметте қоқыс мәселесі қаралды

    2 years ago
    “Толағай – алыптар сайысы” мәресіне жетті

    “Толағай – алыптар сайысы” мәресіне жетті

    1 year ago
    «Масс-медиа туралы» Заң қабылданды

    Жас тілшілер мектебі қажет

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>