-13 °c
Qonaev
Sunday, August 17, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел экономикасына елеулі үлес

    10.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Ел экономикасына елеулі үлес
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Қарасай ауданының ірі инвесторларының бірі «Хамле Компани ЛТД» кондитерлік фабрикасы ұзақ жылдан бері ел экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Әлемге танымал «Pladis» компаниялар тобына кіретін заңды тұлғалардың бірігуіне байланысты мұнда ребрендинг жүргізілді. Соның нәтижесінде «Хамле Компани ЛТД» ЖШС-ның заңды атауы «Pladis Kazakhstan» болып өзгертілді.

    Компанияның ресми өкілдері атап өткендей, бұл қадам кәсіп­орын тарихында маңызды кезең болып саналады және оған жаңа мүмкіндіктер ашады. Алайда оның негізгі қызметі Қазақстан мен шетел­дік тұтынушыларға арналған ұзақ сақталатын тоқаштар, печенье, ұннан жасалған кондитерлік өнім өндіру болып қала бермек.
    Бір айта кетерлігі, компания Қаскелеңде орналасқан және ауданның жүйе құраушы кәсіпорындарының қатарына жатады. Оның ресми тіркелген күні – 1998 жылдың ақпаны. Ұжымды Ахмет Юртгүдер басқарады.
    Бұл – Қарасай жерінде түрік инвес­торларының қаражаты есебінен салын­ған алғашқы өндірістердің бірі. Оның жобалық құны – 8 миллиард теңге.
    Кәсіпорын ассортиментінде 103 атау бар. Олар – печенье, құрғақ нан, вафель, торт, рулет, шоколад өнімдері мен сағыздар, соның ішінде «Хамле», Ulker, McVitie`s, Digestives, Godiva, Alpella, Flame брендтері де кездеседі. Сонымен қатар, экспорттың үлесі жалпы сату көлемінің 30 пайызын құрайды.
    Компанияның өнімдері халал және денсаулық сертификаттарына ие болғаны да маңызды. Олар «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Тамақ өнімдерінің таңбалануына қатысты», «Тамақ қоспалары, хош иістендіргіштер және технологиялық көмекші құралдардың қауіпсіздігі туралы» талаптарға сәйкес келеді. Сонымен қатар, печеньелер, вафельдер және басқа тәттілер тек Қазақстан бойынша ғана емес, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия, Беларусь, Тәжікстан, Моңғолия және Қытай елдеріне де жіберіледі.
    Әлемге танымал «Pladis» компа­ниясы 300 жылдан астам тарихы бар ас әзірлеу мен кондитерлер ісін жемісті жалғастыруда. Бүгінгі таңда оның әлем бойынша 27 филиалында 16 мың адам жұмыс істейді. Солардың қатарында 1000-нан астамы Қаскелеңдегі «Pladis Kazakhstan» компаниясында еңбек етуде.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Тиімділігі зор жоба

    Тиімділігі зор жоба

    7 months ago
    Мемлекеттік қызметтегі әдеп – абырой мен сенім кепілі

    Мемлекеттік қызметтегі әдеп – абырой мен сенім кепілі

    5 months ago
    Бақытжан Атагелдиев: Алыптар өнегесі арманыма жол ашты

    Бақытжан Атагелдиев: Алыптар өнегесі арманыма жол ашты

    1 year ago
    Шах және мат

    Шах және мат

    4 days ago
    АЭС орны қалай таңдалады?

    АЭС орны қалай таңдалады?

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>