-13 °c
Qonaev
Tuesday, August 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бас жоспарға өзгеріс енгізіледі

    14.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Бас жоспарға өзгеріс енгізіледі
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

          Облысқа арнайы іссапармен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласын дамыту мәселелері бойынша Жобалау кеңсесінің отырысын өткізіп, кәсіпкерлермен кездесті.

    Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінгі таңда Алатауда туризм, логистика, өнеркәсіп, білім беру және бизнес салаларында 11 жоба әзірленуде. Қала аумағында ірі инвестициялық жобалар жоспарланған және оларды орналастыру бойынша алдын ала келісімдер инженерлік құрылыстар мен қорғаныс аймақтарын ескере отырып жасалған. Санитарлық аймақтарға, өндірістік алаңдарды тиімді пайдалануға және қоршаған ортаға әсер етуіне байланысты қаланың аумағын жоспарлауда түзетулер енгізу қарастырылған. Осыған байланысты вице-Премьер бизнес, жобалау институттары өкілдерімен кездесіп, қаланың Бас жоспарына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды тыңдады.
    «Жаңа Алатау қаласын салу ыңғайлы, қауіпсіз, технологиялық тұрғыда дамыған және экологиялық таза болуы керек. Алатау заманауи урбанистік орталықтың үлгісі бола алады. Қала құрылысының халықаралық стандарттарға негізделген заманауи болуын қамтамасыз ету қажет. Бір ай ішінде инвесторлармен жасалған келісімдерге сәйкес қала аумағында инвестициялық жобаларды орналастыру мәселелерін қайта қарауды тапсырдым. Барлық профильді министрліктер процесті жеделдетіп, мамыр айына дейін Бас жоспарға өзгерістер енгізсін», – деді Қанат Бозымбаев.
    Одан кейін Алатауда Жоба кеңсесінің отырысы өтті, оған Ұлттық экономика, Әділет, Ауыл шаруашылығы, Көлік, Құрылыс және Инфрақұрылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері қатысты. Қатысушылар EPC шарттары мен құрылысты салуға кететін қаржыландыру құралдарын қолдану механизмдерін енгізу жұмыстары туралы есеп берді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, Алматы зообағын Алатау аумағына көшіру, сондай-ақ әуе таксиі үшін эксперименттік орта мен алаңды белгілеу мәселелері қарастырылды.
    Қаланы тартымды етіп жасау және кадрлық әлеуетті нығайту мақсатында Алатау қаласы мамандары үшін ипотекалық кредит беру лимитін ұлғайту ұсынылды.
    Еске сала кетейік, 2024 жылдан бастап Алматы облысының әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ бірлесіп 35 жасқа дейінгі жастар үшін жеңілдетілген ипотекалық кредит беру бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарламаға өткен жылы жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлініп, тағы 500 млн теңге банк тарапынан қаржыландырылды. Бұл 55 отбасының тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта 40 шақты үміткер өз пәтерлерінің кілтін алды.
    Жобалау кеңсесі отырысының қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев мемлекеттік органдарға атқарылатын жұмыстар туралы айтып, министрліктер мен әкімдіктердің лауазымды тұлғаларына үлкен жауапкершілік жүктелетінін еске салды.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Бала –  болашағымыз десек

    Бала – болашағымыз десек

    4 months ago
    “Қолжетімді интернет” Ұлттық жобасына 560 млрд теңге бөлінбек

    “Қолжетімді интернет” Ұлттық жобасына 560 млрд теңге бөлінбек

    2 years ago
    Заңсыз отшашу — өртке себеп болмасын

    Заңсыз отшашу — өртке себеп болмасын

    2 years ago
    Экология пәні енгізілсе…

    Экология – ертеңгі емес, бүгінгі мәселе

    2 months ago
    Дала дүбірі қызған шақ

    Ақ күріш – Балқаш байлығы

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>