-13 °c
Qonaev
Sunday, September 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тәжірибе алмасты

    18.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Тәжірибе алмасты
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          «Сабақ беру – үйреншікті шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер», – деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, қоғам дамуында білім беру жүйесінің негізгі міндеті – мұғалім білік­тілігін арттырып, сабақтың сапасын арттыру. Осыған орай, Кеген аудандық білім бөлімі оқу-әдістемелік орталығының ұйым­дастыруымен Тасашы орта мектебінде «Табысты сабақ нәти­желеріне жету жолдарын айқындау» тақырыбында семинар өтті.

    «Табысты сабақ» жобасы аясында ұйымдастырылған шара мектеп мұғалімдерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру және көшбасшылықты дамыту, сондай-ақ жоспарлау және оқыту тәжірибесін жақсарту мақсатында әріптестер арасында белсенді ынтымақтастық құруға арналған.
    Кеген ауданы білім бөлімі оқу-әдістемелік орталығының қызметкері Нұргүл Толымбекова мұғалімнің заманауи әдістерді қолдана отырып, оқушыларды сабаққа белсенді қатыстырудың маңызы зор екенін атап өтті.
    Семинарға келген педагогтерге мектептегі лабораториялық кабинеттер және қосымша білім беру бойынша үйірме жұмыстары таныстырылды. Бастауыш сынып мұғалімі Света Аққасова «Ұлы дала мұрасы» аясында қазақтың ұлттық құндылықтарына негізделген интеллектуалды-танымдық ойын ұйымдастырды. География пәні мұғалімі Сәуле Жанатбекқызы «Демографиялық саясат», ағылшын тілі пәні мұғалімі Аида Нұрғожаева «Parts of the body» және тарих пәні мұғалімі Айдын Мырзағалиев «Қазақтардың 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі» тақырыптарында ашық сабақ өткізді. Мектеп директоры Нұргүл Абықанова шараны қорытындылады.
    Жалпы тәжірибе алмасу семинары жоғары деңгейде өтті. Мұғалімдер, талдау жұмыстарын жүргізіп, қысқа мерзімді жоспар бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін қандай педагогикалық технологиялар қолдану керектігі жайында пікір алмасты.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Президент баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

    Президент баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

    2 years ago
    “Көш бастау үшін Отансүйгіш, халықшыл болу керек”

    Жақсылық жасаудан жалықпаған

    6 months ago
    Қоғамдық бақылаудың маңызы зор

    Қоғамдық бақылаудың маңызы зор

    3 months ago
    Баспасөздің беделі – биліктің беделі

    Баспасөздің беделі – биліктің беделі

    1 year ago
    Желге ұшқан 120 миллион

    Желге ұшқан 120 миллион

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>